Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жанқош Тұраров: Ешкімге қоқан-лоқы көрсетпеді

Боксшы Жанқош Тұраров Бостандық ауданындағы нысанды бұзу кезінде соққы алған сот орындаушысына қатысты жағдайдың мән-жайын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жанқоштың айтуынша, ол әпкесінің өтінішін орындап, баланы балабақшадан алып келуге барған.

"Жағдай былай болды. Әпкем "үйде бір жағдай болып жатыр, баланы балабақшадан сен алып келші", - деп өтінді. Сосын үйіне бардым. Барсам үйінің қақпасын бұзып жатыр екен. Мен бұзып жатқандардан, "күн суық, көшеде қалдырайын деп тұрсыңдар ма, үйді неге бұзып жатырсыңдар? Жағдайды түсініп алсаңдаршы", - дедім. У-шу, әпкем жылап жатыр. Өткендегі бес адам қайтыс болған жағдайды білесіздер, сондай жағдай болмасын деп "жігіттер, қойыңдар! Мәселе ушығып кетпесін", - дедім".

Оның айтуынша, "арызды қайтар" деген әңгіме болған жоқ, ол - өтірік. Сондай-ақ, үй иесі - Жанқош Тұраровтың әпкесі.

"Үй иесі - туысқан әпкем. Қарсы шағымым жоқ. "Арызды қайтарыңдар" деген әңгіме айтылған жоқ.  Бұзып жатқан жігіттерге бар айтқаным "мына жерді босатыңдар" деген сөз болды. Олар бәрін бұзып тастаған. Бірақ қорқытып-үркіткен жоқпын", - деді Жанқош Тұраров.

Нысанды бұзу тоқтатылып, отбасын үйден шығармаған. Үйге қатысты мәселе көршілердің арасында болған дау-дамайдан пайда болған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты