Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда қоныс аудару бағдарламасына қатысушыларды қолдау күшейтілді: жеке баспана алуға 7 млн теңгеге дейін беріледі

Қазақстанда қоныс аудару бағдарламасына қатысушыларды қолдау күшейтілді: жеке баспана алуға 7 млн теңгеге дейін беріледі
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстанда кадр тапшылығы байқалатын өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы жаңартылуда. Бағдарламадағы басты жаңалықтардың бірі – қаржылық қолдау көлемінің едәуір ұлғаюы. Енді экономикалық ұтқырлық сертификатының ең жоғары мөлшері 7 млн теңгеге дейін (1 625 АЕК) жетеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл қаражатты қатысушылар жаңа өңірде жеке тұрғын үй сатып алуға пайдалана алады. Өзгерістердің негізгі мақсаты – азаматтардың тек өңір ауыстыруына ғана емес, жаңа жерде жайлы қоныстанып, баспаналы болып, тұрақты өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау.

Мемлекеттік қолдау тек тұрғын үй сертификатымен шектелмейді. Қоныс аударушыларға көшуге арналған субсидиялар төленеді, тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтер шығындары өтеледі, сондай-ақ жұмысқа орналасуға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Оның үстіне, жаңа өңірге көшпей тұрып-ақ жұмыс тауып, жұмыс берушіні таңдауға мүмкіндік бар. Қабылдаушы өңірлердің өкілдері азаматтар көшетін өңірлерде тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастырады.

Сонымен қатар бағдарламаға қатысушылар қатары да кеңейтілді. Бұған дейін ол негізінен жұмыссыз азаматтарға арналса, енді мемлекеттік қолдау шараларын еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар, сондай-ақ шаруа және фермер қожалықтарының басшылары да пайдалана алады.

Бағдарлама толықтай цифрлық форматқа көшірілді. Өтінім беру, өңірлер картасымен, сұранысқа ие мамандықтар тізімімен танысу және қолайлы бос жұмыс орнын таңдау мүмкіндігі migration.enbek.kz порталы арқылы қашықтан қолжетімді.

Бағдарлама іске қосылған 2017 жылдан бері оған 73,9 мың адам қатысқан. Оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу құралдарының арқасында 31 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді