Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2025 жылдың басынан бері 5 мыңнан астам адам өз еркімен қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланды

2025 жылдың басынан бері 5 мыңнан астам адам өз еркімен қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланды
Фото: pixabay.com

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ерікті қоныс аудару шеңберінде жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге 5 213 адам, оның ішінде 1 725 қандас және 3 488 қоныс аударушы көшіп келді. Барлық қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Осы жылдың соңына дейін 9 653 адамды көшіру жоспарлануда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл еліміздің солтүстік және шығыс өңірлеріне барлығы 5 мыңнан астам адам қоныс аударды. Оның ішінде Павлодар облысына – 1 886, Солтүстік Қазақстан облысына – 1 516, Қостанай облысына – 575, Шығыс Қазақстан облысына – 490, Абай облысына – 305, Ақмола облысына – 257, Атырау облысына – 103, Ұлытау облысына – 43 және Қарағанды облысына – 38 адам көшіп барды.

Қоныс аударушылардың көбі қандастарымыз. Олар негізінен Өзбекстаннан – 612 адам, Қытайдан – 563, Моңғолиядан – 377, Ресейден – 84, Түрікменстаннан – 49 және өзге елдерден – 49 адамнан тұрады.

Келгендердің ішінде еңбекке қабілетті 2 307 адам бар. Оның 1 041-і тұрақты жұмысқа орналасты, 38-і жеке кәсібін ашып, кәсіпкерлікпен айналысуда. Қоныстанушылардың басым бөлігі денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім беру және өнеркәсіп салаларында еңбек етуде.

Мемлекеттік қолдаудың тиімділігін көрсететін мысалдың бірі – Құрмешовтар отбасы. Олар Маңғыстау облысынан Қостанай қаласына қоныс аударған.

«2024 жылдың мамыр айында Қостанай қаласындағы мансап орталығына жүгініп, аймақтық квотаға ендік. Көшуге байланысты біржолғы және тұрғын үй жалдау мен коммуналдық қызметтерге арналған субсидия түрінде мемлекеттік қолдау алдық», – дейді отағасы Қанат Құрмешов.


Қанат Құрмешовтың «Ақпараттық жүйелер» және «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар. Қазір ол Олимпиадалық резервтің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде WKF каратэ жаттықтырушысы болып еңбек етеді.
Ал жұбайы Ләззат Оразмағанбет «Бастау бизнес» жобасы арқылы грант ұтып алып, фитнес-клуб ашқан. Биыл Қанат Құрмешов те 1,5 миллион теңгеден астам грант иеленіп, кондитерлік цех ашуға мүмкіндік алған.

«Мемлекет қолдауының арқасында жаңа ортаға тез бейімделіп, өз кәсібімізді дамыта бастадық. Бізге қолдау көрсеткен барша жандарға ризашылығымызды білдіреміз», – деді Құрмешов.

Айта кетсек, ерікті қоныс аудару бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан келесі қолдау шаралары ұсынылады:

  • отбасы басшысына және әр мүшесіне 70 АЕК көлемінде көшуге арналған біржолғы төлем;

  • тұрғын үй жалдау мен коммуналдық қызметтерге 12 ай бойы 15–30 АЕК аралығында ай сайынғы субсидия;

  • қысқа мерзімді кәсіптік оқыту мүмкіндігі;

  • жұмысқа орналасуға немесе жеке кәсіп ашуға көмек;

  • экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру.

Сондай-ақ жұмыс берушілерге қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз етіп, кемінде екі жыл тұрақты жұмысқа қабылдаған жағдайда, әр қызметкер үшін 400 АЕК мөлшерінде біржолғы субсидия беріледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті