Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында полицейлер заңсыз кәсіпкерліктің жолын кесті

Павлодар облысында полицейлер заңсыз кәсіпкерліктің жолын кесті
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысына қарасты Май ауданында полицейлер заңсыз кәсіпкерліктің жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Құқықтық тәртіп" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер Көктөбе ауылының тұрғыны құрамында спирт бар сұйықтықты заңсыз түрде сатқанын анықтады.

– Әкімшілік іс жүргізу аясында ауыл тұрғынынан құрамында спирт бар алты литр сұйықтық анықталып, тәркіленді. Заң талаптарына сәйкес сұйықтық сот-химиялық сараптамасынан өтті, оның қорытындысы бойынша құқық бұзушылыққа түпкілікті баға берілетін болады, – деді Май ауданы жергілікті полиция қызметінің бастығы Қайрат Жұмагұлов.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, мұндай іс-шараларды өткізу – алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алуға, сондай-ақ азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған. Сонымен қатар полицейлер спирттік ішімдіктерді тиісті құжаттарсыз сату заң бұзушылық болып саналатынын және әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін еске салды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді