Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында екі бірдей ұрлықтың беті ашылды

Қарағанды облысында екі бірдей ұрлықтың беті ашылды
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында екі бірдей ұрлықтың беті ашылды,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында полицейлер қысқа уақыт ішінде тұрғындарды алаңдатқан екі бірдей ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні ұстады. Жедел жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көрші ауылдың 42 жастағы тұрғынының қылмысқа қатысы бары анықталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алғашқы оқиға аудан ауылдарының бірінде тіркелген. Белгісіз адам 40 жастағы тұрғынның үйіне заңсыз кіріп, отбасының демалысына деп ұзақ уақыт бойы жинаған бір миллион теңгеге жуық ақшасын қолды еткен. Бұл жәбірленуші отбасы үшін елеулі материалдық шығын ғана емес, көптен күткен жоспарларының күл-талқан болуына себеп болды. Аталған дерек бойынша тергеу басталғаннан кейін көп ұзамай дәл сол ауылдан тағы бір ұрлық туралы хабарлама келіп түсті. Бұл жолы 45 жастағы тұрғынның құны 89 мың теңге тұратын телефоны ұрланған.

Қылмыстарды ашу мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түсіп, оны қолға түсірді. Тінту барысында одан екі ұрлыққа да қатыстылығын дәлелдейтін заттай айғақтар тәркіленді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілердің үйлеріне қалай кіргенін және ұрлықтарды қалай жасағанын оқиға орнында көрсетіп берді. Полицейлер ұсталған азаматтың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау бағытында тергеу амалдарын жалғастыруда. Полиция азаматтарды өз мүлкінің қауіпсіздігіне мұқият қарап, күмәнді жағдайлар байқалған жағдайда бірден полицияға хабарлауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді