Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік полицейлері елге діни әдебиетті заңсыз әкелудің жолын кесті

Көлік полицейлері елге діни әдебиетті заңсыз әкелудің жолын кесті
Фото: polisia.kz

Шымкент халықаралық әуежайында көліктегі полиция бөлімшесінің қызметкерлері діни әдебиетті заңсыз әкелу фактісінің жолын кесті. Бұл туралы көліктегі ПД бастығының бірінші орынбасары Теміржан Рамазанов мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Стамбұл – Шымкент бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін жолаушыларды тексеру барысында көлік полицейлері Түркістан облысының 47 жастағы тұрғынын анықтаған. Азаматтан Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып әкелінген 25 діни мазмұндағы әдебиет табылып, тәркіленді.

– Аталған дерек бойынша ер адам діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды белгіленген тәртіпті бұза отырып әкелгені үшін жауапкершілікке тартылды, – деді Теміржан Рамазанов. 

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңына сәйкес, жеке пайдалануға арналған әр атаудың бір данасын қоспағанда, діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тек тіркелген діни бірлестіктерге, дінтану сараптамасының оң қорытындысы болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді