Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік полицейлері 500-ден астам заңсыз әкелінген діни әдебиетті тәркіледі

Көлік полицейлері 500-ден астам заңсыз әкелінген діни әдебиетті тәркіледі
Фото: Polisia.kz

Көлік полицейлері 500-ден астам заңсыз әкелінген діни әдебиетті тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері діни әдебиетті заңсыз әкелу және тасымалдаудың бірқатар фактісін анықтап, жолын кесті. Жедел алдын алу іс-шаралары барысында 575 дана діни басылым тәркіленді, олардың ішінде ел аумағында таратуға тыйым салынған 32 атау бар.

Бұл туралы Көліктегі ПД бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов хабарлады. Оның айтуынша, Түрксіб станциясында Мәскеу–Бішкек бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру кезінде Қырғызстан Республикасының азаматшасынан тыйым салынған материалдар тізіміне енгізілген діни кітап анықталып, тәркіленді. Осыған ұқсас құқық бұзушылықты Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері де анықтады. 20 жастағы студенттен діни мазмұндағы 12 кітап тәркіленді, олардың бесеуі – тыйым салынған болып шықты. Сонымен қатар Каир–Шымкент әуе рейсі ұшып келгеннен кейін көлік полицейлері Өзбекстан Республикасының 24 жастағы азаматынан заңда белгіленген тәртіпті бұза отырып әкелінген 21 дана діни әдебиетті анықтап, ұстады. Барлық анықталған материалдар тәркіленіп, құқықбұзушылар жауапкершілікке тартылды.

– Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары өнімін, сондай-ақ өзге де діни мазмұндағы өнімді тиісті рұқсатсыз дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау және таратуға тыйым салынады және ол әкімшілік немесе өзге де жауапкершілікке әкеп соғады, – деп түйіндеді сөзін Қ.Мәжікенов.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады