Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда "жаңа пәтер алып беремін" деген әйелден 11 адам зардап шекті: полиция күдіктіні ұстады

Қарағандыда
Фото: polisia.kz

Қарағандыда тұрғын үй кешенінен пәтер алып беремін деген уәдеге сенген тұрғын 6 млн теңгесінен айырылды. Кейін бұл істің артында ондаған жәбірленуші болуы мүмкін екені анықталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

9 шілде күні Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Қазыбек би атындағы полиция бөліміне 29 жастағы қала тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, 44 жастағы әйел биылғы маусым айында сеніміне кіріп, қалада салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінен тиімді бағамен пәтер алып беруге уәде еткен. Осы мақсатта жәбірленушіден 6 мkн теңге алып, кейін не пәтерді рәсімдемеген, не ақшасын қайтармаған. Жәбірленушінің арызы негізінде полицейлер жедел түрде кешенді іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізіп, қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 44 жастағы әйелді анықтап, ұстады.

Тергеу барысында күдіктіге қатысты тағы 10 азаматтан дәл осындай мазмұндағы арыз түсті. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол тұрғын үй алып беру сылтауымен адамдардың сеніміне кіріп, бұл заңсыз әрекетін 2023 жылдан бері жүйелі түрде жүзеге асырып келген. Қазіргі уақытта анықталған жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі шамамен 70 млн теңгені құрайды. Аталған дерек бойынша аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын және қосымша жәбірленушілерді анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция департаменті азаматтарды жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелер жасау кезінде сақ болуға, ақшалай қаражатты тек заңды рәсімделген келісімдер негізінде беруге және күмәнді делдалдардың қызметіне жүгінбеуге шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді