Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда пәтерді жалға беремін деген желеумен тұрғындарды алдаған күдікті анықталды

Қарағандыда пәтерді жалға беремін деген желеумен тұрғындарды алдаған күдікті анықталды
Фото: pixabay.com

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 22 жастағы азаматты ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдікті әлеуметтік желілерге пәтерді жалға беру туралы хабарлама қалдырып, өзге біреудің пәтерінің суреттерін жариялаған.

Алаяқтың құрығына 56 жастағы әйел түскен. Жәбірленушіге таныстары ұзақ уақытқа жалға алатын пәтер тауып беруін өтінген. Сол мақсатта пәтер іздеген тұрғын әлеуметтік желіден алаяқтың жариялаған хабарламасын көріп, оның есеп-шотына 230 мың теңге ақша аударған. Кейін жәбірленуші алаяққа алданғанын білген соң полицияға арызданған.

жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу әрекеттері барысында полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас тағы да бір қылмысқа қатысы барын анықтады. 23 жастағы Түркістан облысының тұрғыны пәтер жалдау үшін алаяқтың есеп-шотына 170 мың теңге ақша аударғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады