Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да синтетикалық есірткі таратқан екі күдікті ұсталды

СҚО-да синтетикалық есірткі таратқан екі күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

Петропавл қаласында синтетикалық есірткі таратумен айналысты деген күдікпен екі адамның заңсыз әрекеті тоқтатылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар – 25 жастағы жігіт пен 18 жастағы бойжеткен. Тергеу нұсқасы бойынша, олар есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкеннің тапсырмаларын орындаған. Ұстау кезінде күдіктілер полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Жігіт қашып кетуге әрекет жасап, азық-түлік дүкеніне кіріп, тәртіпсіздік жасап, ұнтақ тәрізді заты бар ораманы лақтырып жібермек болған. Сараптама қорытындысына сәйкес, ұсталған сәтте жігіт есірткілік масаң күйде болған. Ал биыл ғана кәмелетке толған бойжеткен алкоголь мен түрлі күшті әсер ететін заттарды қолдануына байланысты психикалық денсаулық орталығында есепте тұр.

Жедел іс-шаралар барысында полицейлер жалпы салмағы шамамен 160 грамм болатын "спайс" психотроптық заты салынған 11 "мастер" деп аталатын жасырын қойманы анықтап, тәркіледі. Екі күдікті де қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Полицейлер есірткі бизнесіндегі "оңай табыс" туралы уәделердің соңы әрдайым қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары есірткі жеткізудің 15 арнасын анықтап, жолын кесті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді