Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еңбек министрлігі зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлерді қорғау жүйесін жаңғыртады

Еңбек министрлігі зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлерді қорғау жүйесін жаңғыртады
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде министр Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиын барысында зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтарға берілетін әлеуметтік кепілдіктер жүйесін жаңғырту, жұмыспен қамту саласының өзекті мәселелері, сондай-ақ құқықтық базаның еліміздің жаңартылған Конституциясының нормаларына сәйкестігі қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Негізгі баяндамамен ҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Лязат Ақтаева сөз сөйледі. Оның айтуынша, қазіргі уақытта елімізде зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтар үшін алты түрлі кепілдік қарастырылған. Олардың қатарында қысқартылған жұмыс уақыты, қосымша еңбек демалысы, еңбекке жоғары мөлшерде ақы төлеу, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, сүт және емдік-профилактикалық тағамдармен қамтамасыз ету бар.

«Бүгінде елімізде зиянды өндірістік ортада еңбек ететін 477 мыңға жуық азамат бар. Соңғы бес жыл ішінде жұмыс берушілердің оларға берілетін әлеуметтік кепілдіктерді қаржыландыруға бағыттаған шығындары 140,1 млрд теңгеден екі еседен де көп артып, 310,9 млрд теңгеге дейін өсті», – деп атап өтті Лязат Ақтаева.

Баяндамашы қолданыстағы жүйенің негізгі кемшілігі ретінде оның «тізімдік» қағидатқа негізделгенін атап өтті. Қазіргі таңда жеңілдіктер нақты жұмыс орнындағы еңбек жағдайына қарай емес, бекітілген тізімдердегі мамандық атаулары бойынша беріледі. Бұл әлеуметтік кепілдіктерді ұсынуда теңгерімсіздікке алып келіп, салалық келісімдердегі тәсілдердің әртүрлі болуына және нормативтік алшақтықтың қалыптасуына себеп болуда. Бүгінде негізгі кәсіптер тізімдері арасындағы автоматты сәйкестік деңгейі небәрі 59%-ды құрайды.

Жүйені жаңғырту мақсатында Еңбек министрлігі тәуекелге бағдарланған бірыңғай модельге көшуді пысықтауда. Болашақта зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтарға берілетін әлеуметтік кепілдіктер көлемі кәсіби тәуекел деңгейіне (төменнен өте жоғары деңгейге дейін) тікелей байланысты болады.

Маңызды қадамдардың бірі ретінде кәсіптер мен оларға байланысты әлеуметтік кепілдіктердің бірыңғай цифрлық тізілімін құру көзделіп отыр. Бұл үдерістерді автоматтандыруға, қабылданатын шешімдердің ашықтығын арттыруға және қолдау шараларының атаулылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ортақ әрі теңгерімді ұстаным қалыптастыру мақсатында аталған ұсыныстар мемлекет, жұмыс берушілер және кәсіподақтар өкілдерінің қатысуымен өтетін Республикалық үшжақты комиссияның жұмыс тобының қарауына шығарылатын болады.

Сонымен қатар кеңес барысында ҚР ЕХӘҚМ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары ағымдағы міндеттердің орындалуы жөнінде есеп берді. Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Төлеу Мұхтар оқушылар мен студенттердің уақытша жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және олардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде ақпарат берді. Ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында берілген тапсырмалардың орындалуы мен ҚР Конституциясының жаңартылған нормаларын іске асыру барысын департамент директорлары Ерболат Әбілхатин мен Серік Беркамалов таныстырды.

Кеңес қорытындысы бойынша министр Асқарбек Ертаев міндеттемелердің орындалуына бақылауды күшейту және еңбекті қорғау саласын цифрландыру жұмыстарын жеделдету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
13 комментариев
  • Donnie
  • 26-10-2026, 00:10
  • : 00:10
References: Play online pokies payid australia gitlab.rails365.net
References: Real money pokies BPay Australia tvoyaskala.com
  • Chara
  • 27-10-2026, 05:08
  • : 05:08
References: Neosurf casino aud deposit neosurf gambling sites australia
  • Junior
  • 28-10-2026, 02:35
  • : 02:35
References: Wire transfer casino processing time quick wire transfer casino payouts
  • Adeline
  • 28-10-2026, 14:57
  • : 14:57
References: Osko withdrawal pokies payid casino real money
  • Mickie
  • 28-10-2026, 15:23
  • : 15:23
References: Casino deposit with osko Osko friendly online casinos
  • Cynthia
  • 28-10-2026, 18:21
  • : 18:21
References: Fast withdrawal pokies australia payid pay id pokies australia
  • Marilyn
  • 28-10-2026, 23:15
  • : 23:15
References: MiFinity casino cashback bonus MiFinity casino deposit limits
  • Meri
  • 29-10-2026, 00:51
  • : 00:51
References: Safe payid pokies australia payid pokies bonus codes
  • Leonore
  • 30-10-2026, 02:17
  • : 02:17
References: Wire transfer accepted casino Australia https://www.rcfl.com.hk/home.php?mod=space&uid=10397543
  • Marc
  • 30-10-2026, 03:38
  • : 03:38
References: Trusted bpay pokies pad.froscon.org
  • Arianne
  • 30-10-2026, 16:06
  • : 16:06
References: Wire transfer casino for Australian players madk-auto.ru
  • Dylan
  • 31-10-2026, 02:36
  • : 02:36
If it’s luxury level service or high return volatility slots like Wolf Treasure, Gates of Olympus, or progressive giants like Mega Moolah, the offerings stack up fast. You’re not scrolling through generic bonus lists here. It’s true that they have lengthier processing times—usually several business days—than speedier choices like e-wallets or credit cards. References: legit bank transfer casinos australia
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды