Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астаналық түлектер қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

Астаналық түлектер қайырымдылық акциясын ұйымдастырды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласындағы №111 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып түлектері аттестаттарын алып, ерекше бастама көтерді. Дәстүрлі түрде мейрамханада мерекелеудің орнына олар қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, онкология бөлімінде ем алып жатқан балаларға қолдау көрсетті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Болашақ бізді бірге күтеді!» атты әлеуметтік-қайырымдылық акциясы аясында түлектер ауыр дертпен күресіп жатқан балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, өмірге деген құлшынысын арттыруды мақсат етті.

Іс-шара барысында оқушылар балаларға арналған сыйлықтар мен ойыншықтар жинап, жүрекжарды тілектерін жолдады. Кейін түлектер мен ата-аналардан құралған автокеруен медициналық мекеме аумағына барып, арнайы флешмоб ұйымдастырды. Қатысушылар қолдарына «Сен Қаһармансың», «Бүгін мен мектепті аяқтасам, ертең сен де аяқтайсың» деген жалынды қолдау сөздерін құрап, ем қабылдап жатқан балаларға жігер берді.

Акцияның қорытынды кезеңінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, балаларға арнайы дайындалған сыйлық қораптары табысталды. Түлектердің айтуынша, мектеп бітіру кешін тек көңіл көтерумен шектемей, қоғамға пайдалы іс атқару олардың саналы таңдауы болған. Осылайша олар мектеппен қоштасар сәтті мейірім мен жанашырлыққа толы игі іске арнады.Айта кетейік, мұндай қайырымдылық шаралары бұған дейін де ұйымдастырылған. Астанадағы №5,101 білім беру мекемелерінің оқушылары қиын жағдайда жүрген балаларға қолдау көрсету мақсатында арнайы акция өткізіліп, оларға сыйлықтар табысталған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды