Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті

Үкіметте Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің (Инновациялық штаб) алғашқы отырысы өтті. Жиынға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, облыстар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ бизнес қауымдастық өкілдері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Инновациялық штаб Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша құрылды. Оның негізгі міндеті – инновациялық қызмет саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету және елдің технологиялық басымдықтарын айқындау.

Отырыста Қазақстан Республикасында инновацияларды дамытудың тұжырымдамалық мәселелері қаралды. Атап айтқанда, мемлекеттік қолдау құралдарын жетілдіру, өңірлік инновациялық жүйелерді дамыту және кадрлық әлеуетті күшейтуге бағытталған шаралар талқыланды.

Бұл жұмыс нәтижесінде инновациялық белсенділікті арттыруға, Қазақстанның Жаһандық инновациялар индексіндегі орнын нығайтуға, жаңа салаларды дамытуға, жоғары технологиялық жұмыс орындарын құруға және қосылған құны жоғары өнім экспортын ұлғайтуға мүмкіндік беретін басқарылатын инновациялық жүйе қалыптастыру көзделіп отыр.

Жаңа модельдің негізгі идеологиялық өзегі – «Инновацияны ғылым арқылы дамыту» тәсілінен «Ғылымды инновация арқылы дамыту» қағидатына көшу. Оның мәні – дайын озық технологияларды игеріп, ел жағдайына бейімдеу және осы негізде отандық ғылымды дамыту. Яғни мемлекет процестің өзіне емес, нақты нәтижеге қаржы бағыттайды.

Жиын қорытындысы бойынша Инновацияларды дамыту тұжырымдамасының негізгі тәсілдері мақұлданып, мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге және бизнес-сектор өкілдеріне құжат жобасына нақты ұсыныстар енгізу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар барлық өңірде мүдделі тараптардың қатысуымен ғылыми-технологиялық сессиялар өткізу кестесін бекіту тапсырылды. Бұл сессиялар бизнестің нақты технологиялық сұраныстарын айқындауға бағытталмақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді