Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов ХВҚ миссиясының басшысы Амина Ларешпен Қазақстан экономикасының орнықты даму мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов ХВҚ миссиясының басшысы Амина Ларешпен Қазақстан экономикасының орнықты даму мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов лауазымдық міндеттерін атқаруға биылғы ақпан айында кіріскен Халықаралық валюта қорының Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Амина Ларешпен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда ХВҚ сарапшылар тобының Қазақстан экономикасының соңғы үрдістерін, жүргізіліп жатқан реформалардың басымдықтарын және одан әрі даму перспективаларын зерделеу жөніндегі қызметінің алдын ала қорытындылары қаралды.

Премьер-министр Олжас Бектенов серіктестіктің маңыздылығына тоқтала отырып, Қазақстанның экономикалық саясатын жетілдірудегі сараптамалық сүйемелдеудің рөлін атап өтті. Қазақстанда қабылданған жаңа Конституция әртараптандырылған орнықты экономиканы дамыту үшін институционалдық негіз қалайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес экономикалық жаңғыртудың кешенді күн тәртібі жүзеге асырылуда.

«Біз Қазақстанның экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратын Халықаралық валюта қорымен әріптестігімізді жоғары бағалаймыз. Бұл диалог ХВҚ-ның тұрақты миссиялары, мақсатты кеңестері және мемлекеттік органдарға көрсетілетін техникалық көмегі аясында жалғасуда. Ағымдағы миссияның қорытындылары бойынша ұсынымдар еліміздің макроэкономикалық және макропруденциалдық саясатын одан әрі жетілдіру үшін құнды бағдар болады деп сенемін», — деп атап өтті Премьер-министр.

ХВҚ-ның Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Амина Лареш макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және инфляциялық қысымды төмендету бойынша мемлекет қабылдап жатқан шаралардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді. 

«Бүгінде Қазақстан экономикасы дамуының оң динамикасын атап өтуге болады. Мұнай жеткізіліміне байланысты сыртқы факторлардың тиімді өтемақысы нәтижесінде төлем балансының жағдайы жақсаруда, экономика тұрақтылықты көрсетуде. Сондай-ақ экономикалық саясат пен қабылданып жатқан шешімдер жүйелі түрде жетілдіріліп келе жатыр. Макроэкономикалық тұрақтандыруға ықпал ететін жүргізіліп жатқан ақша-несие саясатын оң бағалаймыз. Экономикалық өсудің жоғары қарқынын сақтай отырып, инфляциялық қысымның біртіндеп төмендеуі байқалады. Біз Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығын реттеу мен дамыту жөніндегі агенттіктің бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдауын құптаймыз және экономикалық саясатты жүзеге асыруға үйлестірілген көзқарас макроэкономикалық тұрақтылықты одан әрі нығайтуға және Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына ықпал етеді деп сенеміз», –– деді Амина Лареш.

Қор сарапшылары экономикалық өсімнің тұрақтылығын атап өтті. Өңдеу өнеркәсібін, қызмет көрсету салаларын, көлік және құрылыс секторларын дамыту бойынша жүйелі шаралар мұнай өндіру көлемінің қысқаруының орнын толтыруда. Инфляция қарқынын бәсеңдету, салықтық әкімшілендіруді жақсарту және фискалдық саясатты жетілдіру бағыттарында ілгерілеу байқалып отыр. Бұл бағытта инфляциялық тәуекелдерді одан әрі төмендету және квазифискалдық саясатты жақсарту бойынша бірқатар ұсыныс айтылды.

Талқылауға Президент кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев, қаржы министрі Мәди Такиев, ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Амина Лареш пен ХВҚ командасына реформаларды жүзеге асыруда қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Қазақстан Үкіметі өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталған сындарлы диалогке ашық. Сапар қорытындысы бойынша Халықаралық валюта қорының ұсыныстары салалық мемлекеттік органдар тарапынан қаралады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды