Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды маңында жазғы демалыс қайғылы жағдаймен аяқталды

Қарағанды маңында жазғы демалыс қайғылы жағдаймен аяқталды
Фото: Қарағанды облысы ТЖД

Қарағанды облысында су айдынындағы жазғы демалыс қайғылы жағдаймен аяқталды. Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылында 2011 жылы туған қыз суға батып кетті, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір топ жасөспірім Көкпекті өзеніне барған. Ересектер өз ісімен айналысып жатқанда, балалар суға түсуге кеткен.

Бір сәтте қыздардың бірі су астына кетіп, көрінбей қалған. Оқиға куәгерлері құтқарушыларды шақырған. Қызметкерлер жедел түрде іздестіру жұмыстарына кірісті. Оқушы қыздың денесі жағадан шамамен 20 метр қашықтықта төрт метр тереңдіктен табылды.

"Қайғылы оқиғаның шомылуға тыйым салынған жерде болғаны ерекше алаңдаушылық туғызады. Бұл учаскеде тиісті ескерту белгісі орнатылған. Ол жазғы каникул басталғанға дейін, 2 маусымда қойылған. Сондай-ақ каникул қарсаңында оқушылармен су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар жүргізілді. Алайда кезекті жазатайым оқиға балалар ересектердің қарауынсыз қалғанда, ескертулер жеткіліксіз болатынын көрсетеді", - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Бір қарағанда Көкпекті өзені қауіпті көрінбейді. Бұл ірі су айдыны да, таудың асау өзені де емес. Мамандардың айтуынша, дәл осындай жерлер көбіне қауіпсіздік сезімін тудырады. Бірақ мұндай су астында терең учаскелер, тереңдіктің күр өзгеруі және күшті су асты ағындары жасырынуы мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
1 комментарий
  • Sommer
  • 16-06-2026, 20:25
  • : 20:25
References: Casino test Constanta Casino
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді