Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды тұрғыны танысын 7 млн теңгеге алдады деген күдікке ілінді

Қарағанды тұрғыны танысын 7 млн теңгеге алдады деген күдікке ілінді
Фото: pixabay.com

Қарағандыда полиция қызметкерлері аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен 37 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам танысының сеніміне кіріп, өзін сенімді серіктес ретінде көрсетіп, одан миллиондаған теңге алған. Алданғанын түсінген 39 жастағы азамат полицияға жүгінді. Оның айтуынша, күдікті бұрын өзіне де, таныстарына да бірнеше рет көмектесіп, сенімді адам ретінде бедел қалыптастырған. Осы сенімге ие болған азамат құрылыс материалдарын сатып алу қажеттігін айтып, жәбірленушіден 5 миллион теңге қарыз сұраған. Алғашында ол төлемдерді уақытылы жасап, кейін қайтадан қарыз алып отырған. Бірінші қарызын толық өтеместен, тағы 2 миллион теңге сұраған. Осылайша биылғы ақпан айына қарай жалпы қарыз көлемі 7 миллион теңгеге жеткен.

Жағдайдың күрделенгенін түсінген борышкер барлық соманы ай соңына дейін қайтаруға міндеттеніп, қолхат та жазып берген. Алайда содан кейін ол байланысқа шықпай, ақшамен бірге “ізін суытқан”. Үш ай бойы қаражатын қайтаруға тырысқан жәбірленуші нәтиже болмаған соң полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 37 жастағы күдіктінің жүрген жерін анықтап, оны ұстады. Ер адам өз кінәсін мойындап, түсініктеме берген. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Істің барлық мән-жайы анықталады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды