Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекеттік рәміздер күні: Маңғыстау облысында салтанатты іс-шара өтті

Мемлекеттік рәміздер күні: Маңғыстау облысында салтанатты іс-шара өтті
Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысы полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара Әнұранның орындалуымен басталды. Полиция қызметкерлері еліміздің егемендігі мен бірлігінің, ұлттық болмысы мен тәуелсіздігінің айқын белгісі саналатын Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетті. Жеке құрам алдында сөз сөйлеген Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов мемлекеттік рәміздердің жастарға патриоттық тәрбие берудегі және Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырудағы маңызын атап өтті.

– Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елге, жерге және оның тарихына деген құрметтің көрінісі. Полиция қызметкерлері үшін бұл – антқа адалдықтың, қызметтік міндетке жауапкершілікпен қараудың және халыққа қалтқысыз қызмет етудің белгісі, – деді ол. 

Іс-шара барысында қатысушыларға Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихы мен маңызы туралы айтылып, олардың ел бірлігін нығайтудағы ерекше рөлі атап өтілді. Салтанатты жиын мемлекеттік құндылықтарды дәріптеуге, патриоттық рухты нығайтуға және ел тәуелсіздігінің басты нышандарына деген құрметті арттыруға бағытталды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды