Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ еліміздің бірқатар өңірінде синтетикалық есірткі өткізудің арналарын жойды

ІІМ еліміздің бірқатар өңірінде синтетикалық есірткі өткізудің арналарын жойды
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында ел аумағында синтетикалық есірткіні тарату арналарының жолын кесу бойынша іс-шараларды жалғастыруда. Мамыр айының екінші онкүндігінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлерімен синтетикалық есірткінің бірқатар аса ірі партияларын заңсыз айналымға шығару жолдары кесілді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала тұрғыны ұсталып, одан екі килограмнан астам альфа-PVP синтетикалық есірткісі тәркіленді. Күдікті өз кінәсін мойындады. Ең ірі мегаполисте тағы бір күдікті ұсталды. Жігіттің тұрғылықты жерін тінту кезінде шамамен бір килограмм синтетикалық есірткі мен психотроптық әсері бар заттар дәрілер тәркіленді. Шығыс Қазақстан облысында интернет-дүкен кураторының тапсырмасымен өңірлерге есірткі тасымалдаумен айналысқан Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Күдіктіден екі килограмнан астам есірткі тәркіленді. Қарағанды облысы Алматы - Екатеринбург тасжолында ірі көлемдегі синтетикалық есірткі заттарын тасымалдаған есірткі таратушы ұсталды. Автокөлік салонын тінту барысында бір килограмм альфа-PVP синтекалық есірткісі тәркіленді.

- Тәркіленген синтетикалық есірткінің жалпы салмағы алты килограмнан астам. Бұл заңсыз айналымға түсуі мүмкін 18 мыңнан астам бір реттік дозаның жолы кесілгенін білдіреді. Яғни, мыңдаған жастардың өмірі мен денсаулығына зиян келмеді. Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі іс жүргізу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта өзге де қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жазғы демалыс қарсаңында ІІМ жастарды есірткі таратып, "жеңіл ақша" табу туралы жалған ұсыныстарға алданбауға шақырады. Есіңізде болсын: қылмыскерлер сізді "шығын" ретінде ғана пайдаланады. Өз жақындарыңыз туралы ойланыңыз! - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді