Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше облысында қалың қардан кейін тас жолдардағы қозғалыс қайта жанданды

Қазақстанның бірнеше облысында қалың қардан кейін тас жолдардағы қозғалыс қайта жанданды
Фото: pixabay.com

Жамбыл, Түркістан, Жетісу, Алматы және Абай облыстарында ауа райының қолайсыздығына, соның ішінде қалың қарға байланысты бұрын тоқтатылған автокөліктер үшін қозғалыс ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

"ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы 16 желтоқсанда келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автокөліктер үшін қозғалыс ашылды:

Жамбыл облысы

"Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 534-593 шақырым аралығында учаске (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін).

Түркістан облысы

"Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 593-674 шақырым аралығында учаске (Жамбыл облысының шекарасынан Шымкент қаласына дейін).

2024 жылғы 16 желтоқсан сағат 07:00-де келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысы ашылды:

Алматы облысы

"Алматы-Өскемен" автожолының 77-124 шақырым аралығындағы учаскеде (Қонаев қаласынан Жетісу облысының шекарасына дейін)

"Алматы-Шелек-Қорғас" автожолының 136-254 шақырым аралығында (Шелек ауылынан Жетісу облысы шекарасына дейін).

"Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас" автожолының 136-172 шақырым аралығында (Шелек ауылынан Көкпек ауылына дейін)

"Көкпек-Кеген-Тюп" автожолының 0-72 шақырым аралығында (Көкпек ауылынан Кеген ауылына дейін)

Жетісу облысы

Алматы-Өскемен" автожолының 276-480 шақырым аралығындағы учаскеде (Талдықорған қаласынан Көлбай ауылына дейін)

"Алматы-Өскемен" автожолының 124-276 шақырым аралығындағы учаскеде (Алматы облысының шекарасынан Талдықорған қаласына дейін)

"Алматы-Өскемен" автожолының 45-68 шақырым аралығында (Сарыөзек ауылынан-Көктал ауылына дейін Алтын Емел асуы)

Абай облысы:

"Алматы-Өскемен" автожолының 615-967 шақырым аралығында (Жетісу облысының шекарасынан-Қалбатау ауылына дейін)

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Жетісу облысы:

"Алматы-Өскемен" автожолының 480-615 шақырым аралығында (Көлбай ауылынан Абай облысы шекарасына дейін)

Ведомствоның атап өтуінше, автокөлік жүргізушілері еліміздің тас жолдарына қатысты барлық ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталықтың 1403 телефоны арқылы ала алады.

Бұған дейін "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі Алматы-Өскемен тас жолында көлік қозғалысы шектелгенін хабарлаған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді