Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Инвесторлар Алматыға 2,3 трлн теңге құйды

Инвесторлар Алматыға 2,3 трлн теңге құйды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 2,3 трлн теңгеге жетті. Ал тікелей шетелдік инвестиция көлемі 8,5 млрд АҚШ доллары болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шетелдік инвестицияның негізгі бөлігі көтерме және бөлшек сауда саласына, соның ішінде автомобиль мен мотоциклді жөндеуге бағытталды. Атап айтсақ, бұл 4 млрд АҚШ доллары немесе жалпы көлемнің 47%-ы.

Қаржы және сақтандыру қызметі — 1,3 млрд АҚШ доллары (15,5%), ақпарат және байланыс саласы — 1,2 млрд АҚШ доллары (14%), сондай-ақ көлік және қойма саласы — 646 млн АҚШ доллары (7,5%) көлемінде болды.

Қалаға шетелдік инвестициялар негізінен Ресей, Нидерланд, Оңтүстік Корея, Бельгия және Қытай серіктестері есебінен қамтамасыз етіледі.

2026 жылы да қаладағы инвестициялық белсенділік сақталуда. Қаңтар-наурыз айлары аралығында инвестиция көлемі 373 млрд теңге болды.

Сонымен қатар инвестициялық салымдардың құрылымы да өзгеріп келеді. Бұрын инвестицияның негізгі бөлігі құрылыс секторына тиесілі болса, бүгінде жабдықтар саудасы мен технологиялық жаңғырту салаларында оң динамика байқалады. 2026 жылдың басындағы жағдай бойынша осы бағыттағы инвестицияның үлесі 66%-ға жетті. Бұл өндірістік сектордағы инвестициялық белсенділіктің артқанын көрсетеді.
Биыл ақпан айында инвестицияның ең жоғары көлемі ақпараттық технология және байланыс саласында тіркелді. Бұл шамамен 39 млрд теңге немесе бір айдағы жалпы инвестиция көлемінің 30%-дан астамы.

Бүгінде Алматы жоғары инвестициялық белсенділігін сақтап, Орталық Азиядағы бизнесті тартатын негізгі орталықтардың бірі ретінде қалыптасып келеді.

Қаланың инвестициялық және экономикалық тұрақтылығының негізгі факторлары – дамыған инфрақұрылым, Индустриялық аймақ және бизнеске салықтық әрі кедендік жеңілдіктер ұсынатын «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді