Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті базасында «Қалдықтарды басқару» халықаралық зертханасы ашылды

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті базасында «Қалдықтарды басқару» халықаралық зертханасы ашылды
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті базасында «Қалдықтарды басқару» зертханасының ашылу рәсімі өтті. Жоба Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA)-мен бірлесіп жүзеге асырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шараға Түркияның бірінші ханымы Эмине Ердоған, сондай-ақ Қазақстанның салалық министрліктерінің өкілдері мен университет басшылығы қатысты. Эмине Ердоғанның сапары экология саласындағы Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін айқындады.

Өз сөзінде Эмине Ердоған зертхананың ашылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«TİKA қолдауымен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті жанынан ашылған зертхана нөлдік қалдық, тұрақты ауыл шаруашылығы, қалдықтарды басқару және айналым экономикасы бағыттарындағы маңызды бастамаларға жол ашады деп шынайы сенемін. Бұл маңызды бастама Түркия мен Қазақстан арасындағы бауырластық байланыстарды одан әрі нығайтуға қызмет етсін», — деді Эмине Ердоған.

Басқарма төрағасы – ректор, ҚР ҰҒА академигі, профессор Қанат Тіреуов зертхананың ашылуы университеттің жаңа буын мамандарын даярлау, қолданбалы зерттеулерді дамыту және заманауи экологиялық шешімдерді енгізу мүмкіндіктерін кеңейтетінін айтты.

«Бүгінде Seifullin University аграрлық білім, ғылым және инновация саласындағы халықаралық орталық ретінде жаһандық деңгейге сенімді қадам жасап келеді. Жаңа зертхананың ашылуы мамандар даярлауға, экологиялық мәдениетті дамытуға және тұрақты шешімдерді енгізуге қосымша мүмкіндік береді», — деді Қанат Тіреуов.

Зертхана экология, табиғатты пайдалану және агроэкожүйелер бағыттары бойынша студенттердің тәжірибеге бағытталған даярлығын дамытуға ықпал етеді. Мұнда студенттер қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату салаларында тәжірибелік дағдылар меңгеріп, ғылыми зерттеулерге, жобалық жұмыстарға, ресурсты үнемдеу мен «жасыл» технологияларды енгізу шешімдерін әзірлеуге қатыса алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді