Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте фармацевтикалық өндірісті кеңейту үшін 39,5 млрд теңге жеке инвестициялар бағытталады

Шымкентте фармацевтикалық өндірісті кеңейту үшін 39,5 млрд теңге жеке инвестициялар бағытталады
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ арасында «Халықты неғұрлым қолжетімді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының фармацевтика индустриясындағы отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін ұлғайту» жобасы бойынша жасалған Инвестициялар туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды.

Жоба қазақстандық тауар өндірушілердің үлесін арттыруға, елдің дәрілік қауіпсіздігін нығайтуға және инвестицияларды тартуға бағытталған.

Келісім Шымкент қаласындағы Polpharma Santo компаниясында 300 жаңа жұмыс орнын аша отырып, ірі инвестициялық жобаның жаңа кезеңінің басталуына жол ашты. Жеке инвестициялардың жалпы көлемі ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған қаражатты қоса алғанда 39,5 млрд теңгені құрайды. Жаңа өндірістің бірінші кезеңін іске қосу 2029 жылдың соңына жоспарланып отыр.

Жаңа өндірістік қуаттар онкологиялық, жүрек-қан тамыр, инфекциялық және созылмалы ауруларды, соның ішінде туберкулезді емдеуге арналған 38 түрлі дәрілік затты шығаруға мүмкіндік береді. Өндіріс халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді.

Жоба мемлекеттің стратегиялық міндеттеріне сәйкес келеді, саланың тұрақты технологиялық базасын қалыптастырады, халық үшін дәрілік заттардың сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспорттық әлеуетті нығайтуға бағытталған.

Жалпы алғанда, фармацевтикалық өнімдер өндірісі саласында 316,3 млрд теңге сомасына 6 инвестициялық келісім жасалды, бұл саланың кезең-кезеңімен дамып келе жатқанын, инвестициялық тартымдылығының артуын, өндірісті локализациялау үшін орнықты базаның қалыптасуын және елдің дәрілік қауіпсіздігінің нығаюын көрсетеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті