Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

СҚО-да полицейлер ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады
Фото: polisia.kz

СҚО-да полиция қызметкерлері ведомство ардагерлеріне тұрақты түрде қамқорлық көрсетіп келеді. Жеңіс күніне орай олар Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен ішкі істер органдарының ардагерлерін арнайы құттықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы мен Ардагерлер кеңесінің өкілдері, сондай-ақ СҚО ПД госпиталі мен емханасының медицина қызметкерлері отставкадағы милиция майоры, 93 жастағы Владимир Ипполитовтың үйіне барды. Владимир Ипполитов ішкі істер органдарында ұзақ жыл қызмет етіп, өз еңбек жолында облыстық ішкі істер басқармасының кезекші бөлімінде аға инспектор сияқты жауапты қызметтер атқарып, зейнетке шыққан ардагер. Сондай-ақ тәртіп сақшылары Валентина Волкова мен Любовь Таратутаны да Жеңіс күнімен құттықтады.

Екі ардагер де 1936 жылы дүниеге келген, соғыс жылдарындағы қиын кезеңді бастан өткеріп, кейін облыстық милицияда абыройлы қызмет атқарған. Полицейлер ардагерлерге гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыстап қана қоймай, медициналық тексеру жүргізіп, тыл еңбеккерлері мен олардың жақындарына кеңес берді. Мұндай кездесулер тек мереке қарсаңында ғана емес, тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Ішкі істер органдарының ардагерлері әрдайым әріптестерінің құрметі мен қамқорлығына бөленіп келеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді