Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды

Павлодарда қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында бірден бірнеше заң бұзған мотоцикл жүргізушісі жауапқа тартылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күннің жылынуымен өңір жолдарында екі дөңгелекті көлік тізгіндегендер көбейді. Алайда олардың кейбірі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне қатер төндіруде. Полицейлер жылдамдық асырудан бастап, мас күйде көлік басқаруға дейінгі түрлі құқық бұзушылықтарды тіркеуде. Ақтоғай ауданының ауылдарының бірінде патрульдік қызмет атқарған полиция қызметкерлері күмәнді әрекет жасаған мотоцикл жүргізушісін тоқтатты.

Тексеру барысында ер адамның бірден бірнеше заң бұзушылыққа жол бергені анықталды. Медициналық куәландыру оның орташа дәрежеде мас күйде болғанын растады. Сонымен қатар оның жүргізуші куәлігі болмаған және мотодулығасыз жүргені белгілі болды. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, мотоцикл арнайы тұраққа қойылды. Енді оған заң талаптарына сәйкес қатаң жаза қолданылады. Мамандардың айтуынша, мотоцикл — қауіптілігі жоғары көлік құралдарының бірі. Қауіпсіздік талаптарын елемеу, жылдамдықты шамадан тыс арттыру және мас күйде рөлге отыру ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

— Жолда әрдайым жағдайды байыппен бағалау қажет. Жол қателікті кешірмейді, ал қауіпсіздік — әркімнің өз жауапкершілігі, — деп ескертті Павлодар облысы полиция департаментінің қызметкерлері. 

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде мас күйде көлік басқарғаны үшін 382 жүргізуші жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде соңғы бір тәулікте 7 адам анықталған.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді