Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада жоғалған жасөспірім бір күнде табылды

Елордада жоғалған жасөспірім бір күнде табылды
Фото: polisia.kz

Астанада полиция кәмелетке толмағандар арасында өз бетінше үйден кету мен хабар-ошарсыз жоғалу деректерінің алдын алу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері "102" арнасына кәмелетке толмағандардың жоғалуы мен үйден кетуіне қатысты 700-ден астам хабарлама түскен. Полицияның жедел әрекетінің арқасында олардың барлығы қысқа мерзімде табылып, заңды өкілдеріне табысталған. Осындай жағдайлардың бірі Астанада тіркелді. Қала тұрғыны 16 жастағы қызының жоғалып кеткенін хабарлаған. Алдын ала мәлімет бойынша жасөспірім күндіз үйден телефонымен шығып, қайта оралмаған.

Іздестіру нәтижесінде қыз келесі күні қаладағы пәтерлердің бірінен табылып, ата-анасына тапсырылды. Полиция ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырады. Балалардың қайда жүргенін бақылап, байланыста болу және үйге қайту уақытын алдын ала келісу маңызды. Бала жоғалған жағдайда дереу "102" нөміріне хабарласу қажет.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді