Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ отбасылық есірткі бизнесін жойды

ІІМ отбасылық есірткі бизнесін жойды
Фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында есірткі жеткізу арналары мен олардың таралуын анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

- Есірткі қылмысына жақын туыстардың тартылу фактілері жиілеп келеді, яғни "отбасылық схемалар" қалыптасуда. Алматы қаласында екі ағайынды шамамен бір килограмм синтетикалық альфа-PVP есірткісін тасымалдау кезінде ұсталды. Бұрын сотталған ағасы інісін қылмысқа тартқан. Тұтқындау барысында олардан қару және оқ-дәрілер тәркіленді. Алматы облысында екі ағайынды ұйымдастырған фитозертхана жойылды. Жалға алынған үйде кейіннен өткізу мақсатында аса ірі көлемде марихуана өсірілген. Жалпы салмағы 61 килограмм болатын 102 түп марихуана өсімдігі бар құмыралар, сондай-ақ жарықдиодты фитошамдар, желдету жүйелері және өзге де жабдықтар тәркіленді. Тағы бір дерек: Алматы тұрғыны әпкесінің сенімін пайдаланып, оның пәтерінде есірткі қаптаған. Ұстау кезінде 100-ден астам zip-lock пакет және шамамен 500 грамм мефедрон тәркіленді. Cәуір айының он күнінде заңсыз айналымнан бір тоннаға жуық есірткі, оның ішінде 800 келіден астам синтетикалық түрлері тәркіленді. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Есірткі қылмысына қарсы күрес ІІМ қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Есірткі өндіру мен таратудың кез келген әрекеті қатаң түрде тоқтатылады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады