Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биылғы І тоқсан қорытындысы бойынша еліміздің өңдеу өнеркәсібі 8,5% деңгейінде өсім көрсетті

Биылғы І тоқсан қорытындысы бойынша еліміздің өңдеу өнеркәсібі 8,5% деңгейінде өсім көрсетті
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндама жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, елімізде үш айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 8,5%-ға өсіп, оң динамика көрсетсе, машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі, жеңіл өнеркәсіп және басқа да салаларда өндірістік көрсеткіштер өскен.

«Металлургияда алтын, мырыш, болат және ферроқорытпа өндірісінің төмендеуіне байланысты өндіріс көлемі 6,3%-ға азайды. Сондай-ақ кен сапасының төмендеуі, қорлардың азаюы, электр қуатының қымбаттауы мен жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты теріс динамика байқалып отыр. Саладағы жоспарланған көрсеткіштер қолданыстағы қуат көздерін ұлғайту және жаңа өндірістерді іске қосу есебінен қамтамасыз етіледі. Машина жасау саласы 21,9% деңгейінде өсім көрсетті. Салада көлік құралдарын, электр жабдықтары мен компьютерлер және оптикалық құрылғылар өндіру, сондай-ақ машина, жабдықтар жөндеу көлемі артты. Көрсеткіштердің өсуі ішкі сұраныстың артуы мен инвестициялық жобалардың белсенді іске асырылуы есебінен жүзеге асты», — деді өнеркәсіп және құрылыс министрі.

Келтірілген деректерге сәйкес, жеңіл өнеркәсіпте тоқыма бұйымдар, киім және былғары өнімдері өндірісі артып, саладағы өсім 51,1%-ды құраған. Құрылыс материалдары өндірісі бетон, құрылыс ерітінділері, әк, отқа төзімді бұйымдар, цемент және бетон конструкциялары көлемінің өсуіне байланысты 37,1%-ға артты.

Химия өнеркәсібінде азот тыңайтқыштары мен сары фосфор өндірісінің артуы есебінен 2,4%-ға өсім байқалуда.

«Құрылыс саласы бойынша үш айдың қорытындысына сәйкес, жұмыс көлемі шамамен 1,2 трлн теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 14,8%-ға артты. Жалпы өңірлердің басым бөлігінде оң өсу динамикасы байқалады. Бұл саланың жүйелі түрде дамып, жоспарланған шаралардың тиімді жүзеге асырылып жатқанының нәтижесі. Көрсеткіштердің төмендеуі тек Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Абай мен Жетісу облыстарында орын алып отыр», — деді спикер.

Сонымен қатар есепті кезеңде 3,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8%-ға жоғары. Өсім 18 өңірде байқалды. Ең жоғары көрсеткіш Абай, Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласында. 

Ал Атырау және Ақмола облыстарында төмендеу тіркелді. Салада оң динамиканы сақтау мақсатында биыл тұрғын үйді пайдалануға беру көлемін 20,2 млн шаршы метрге жеткізу жоспарланған.

Ол үшін 20 мың жалға берілетін пәтер сатып алуға 330 млрд теңге бөлу және жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге 184 млрд қажет. Алайда, нарықтағы несие пайыздарының жоғары болуы және жұмсалған қаражаттың қайтарылуы бойынша мәселелердің толық шешім таппауы жоспарды орындауды қиындатып отыр.

Қазіргі жағдайда тұрғын үйді енгізу көлемі 18,5 млн шаршы метр деңгейінде болжануда. Осыған байланысты жергілікті бюджетке облигациялар бойынша негізгі қарызды өтеу және пайыз төлеу шығындарын жабу тетігін қарастыру қажет. Және бұл ретте әкімдіктердің қарыз алу шектеулері ескерілуі тиіс немесе аталған шығындарды республикалық бюджет есебінен өтеу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.

«Министрлік жетекшілік ететін салаларда тұрақты өсімді қамтамасыз ету жұмыстарын жаңа өндірістерді іске қосу, локализация деңгейін арттыру және өңірлерде инвестициялық белсенділікті ынталандыру арқылы жалғастырады», — деп түйіндеді сөзін Ерсайын Нағаспаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады