Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысы Қазақстанда жайылымдық жер көлемі бойынша бірінші орында

Ақтөбе облысы Қазақстанда жайылымдық жер көлемі бойынша бірінші орында
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында өңірдің шаруаларымен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуге кеңейтілген форматта онлайн байланыс арқылы аудандардағы шаруа қожалықтарының басшылары да қатысты. Облыс әкімі Асхат Шахаров өңір ауыл шаруашылығының негізгі бағыты мал шаруашылығы болып қала беретінін атап өтті. Бұл ретте Әйтеке би, Қарғалы, Хромтау және Мәртөк аудандарында егін шаруашылығы да қарқынды дамып келеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 412 млрд теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 2,5%-ға өсті. 2026-2028 жылдары өңірдің агроөнеркәсіп кешенінде жалпы сомасы 94,9 млрд теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, оның ішінде 4 жоба биыл іске қосылады. Олардың қатарында «Жаннұр» ШҚ мен «Agroproduct development» ЖШС-ның бордақылау алаңдарын салу және кеңейту, «Рамазан құс» ЖШС-ның құс фабрикасын іске қосу, сондай-ақ «АЙС» ЖШС-ның сүт-тауар фермасын ашу бар.

2025 жылы өңірде 554 мың тонна дәнді дақыл және 72,4 мың тонна майлы дақыл жиналды. Сондай-ақ көкөністен, соның ішінде картоптан мол өнім алынды. Егіс алқаптарын әртараптандыру аясында майлы және мал азықтық дақылдардың көлемі ұлғайтылды.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин қатысушыларды мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жаңа Кешенді жоспардың негізгі параметрлері туралы хабардар етті.

Талқылау кезінде шаруалар бірқатар мәселе көтерді. Атап айтқанда, Қазақстан фермерлері қауымдастысының облыстық филиалының жетекшісі Құсайын Сәрсембай «Игілік», «Береке» және «Жайлау» бағдарламалары бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы кепілдік беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Серік Жұманғарин қазіргі уақытта осы бағдарламалар бойынша «Даму» қоры арқылы кепілдіктер беру тетігі пысықталып жатқанын айтты. Бұл құралды енгізу жөніндегі алдын ала келісімге қол жеткізілген, алайда жекелеген шарттар мен техникалық параметрлер әлі де келісу сатысында.

Сонымен қатар несие мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялаудың қолжетімділігі мәселесі көтерілді. «Айс плюс» ЖШС директоры Қуаныш Ищанов бюджет қаражатының жоқтығына байланысты портал жұмысы тоқтатылғанын, сондықтан өтінім беру мүмкін еместігін мәлімдеді.

Сондай-ақ өңірдегі «Степное» ЖШС, «Құмқұдық» ЖШС, «Пригородное» ЖШС және «Меңдібай-Қарағаш» ШҚ өкілдері де өз сұрақтарын қойды. Барлық көтерілген мәселе бойынша жиын барысында тиісті түсіндірмелер берілді.

Кездесу қорытындысында вице-премьер Ақтөбе облысы 25,3 млн гектар жайылымдық жері бар еліміздегі ең ірі өңір екенін атап өтті. Мемлекет шаруаларға қолдау көрсетуді жалғастырады, сонымен қатар қарсы талаптар да күшейтілуде. Оның негізгісі – ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану. Осы бағытта жерді пайдаланудың тиімділік көрсеткіштерін енгізу, сондай-ақ егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың мал шаруашылығын да қатар алып жүру мүмкіндіктері қарастырылуда.

Сол күні Серік Жұманғарин бюджет мәселелері бойынша бөлек жиын өткізіп, онда қаржыландырудың негізгі параметрлері мен шығыстардың басым бағыттары қарастырды. Талқылау қорытындысы бойынша бюджет қаражатын тиімді пайдалану және оның игерілуіне бақылауды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.

Жұмыс сапары аясында министр «KAZFELTEC» ЖШС-нің жүн өңдеу зауытының жұмысымен де танысты. Кәсіпорын италиялық технологияларды пайдаланып, табиғи қой жүнінен жылу және дыбыс оқшаулағыш материалдар өндіруге маманданған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады