Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте Маңғыстау облысының дамуы талқыланды

Үкіметте Маңғыстау облысының дамуы талқыланды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі Жобалық кеңсенің алғашқы отырысын өткізді. Оған өңір әкімдігінің, сондай-ақ ұлттық экономика, қаржы, сыртқы істер, ішкі істер, өнеркәсіп және құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылығы қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қатысушылар жұмыстың басым бағыттарын айқындады. Олар – еңбек көші-қонын реттеу, жұмыссыздықты азайту, отандық бизнесті қолдау және инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыру.

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағындағы инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды.

Аквашаруашылықты дамыту әлеуетіне ерекше назар аударылды. Саланы кеңінен дамыту мақсатында жобаларды несиелеу тетіктеріне, соның ішінде мамандандырылған теңіз техникасын сатып алуға қатысты өзгерістер енгізу ұсынылды.

Сондай-ақ құбыр өнеркәсібі саласындағы өндірушілердің мәселелерін шешу және Жаңаөзен қаласындағы өндірісті локализациялау талаптарын қайта қарау жөніндегі шаралар талқыланды.

Жобалық кеңсе отырысында өңірдегі жұмыспен қамту жағдайы өз алдына бөлек қарастырылды. Көші-қонның оң сальдосымен қатар, соңғы үш жылда жұмыссыздық деңгейінің өсуі тіркеліп отыр. Осыған байланысты облыс әкімдігі өңірге келіп жатқан халықты еліміздің еңбек күші тапшы аймақтарына қоныстандыруға бағытталған өңіраралық инвестициялық жобаны әзірледі.

Вице-премьер Жобалық кеңсе мүшелеріне жұмыс топтарын құрып, қосымша талдау жүргізіп, көтерілген мәселелерді жедел шешу бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады