Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада оқушылар мен бүлдіршіндер Халықаралық әйелдер күніне орай бір мезгілде мерекелік хор орындалды

Астанада оқушылар мен бүлдіршіндер Халықаралық әйелдер күніне орай бір мезгілде мерекелік хор орындалды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елорданың мектептері мен балабақшаларында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай бір мезгілде мерекелік хор орындалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған іс-шараға астаналық мектептердің 6-7 сынып оқушылары және балабақша бүлдіршіндері асталысты.

«Челлендж өскелең ұрпақтың бойында анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін арттыру, эстетикалық тәрбие беру және хор өнері арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатын көздейді. Бүгін барлық қалалық білім беру ұйымдарындағыдай №116 мектеп те хор челленджін таңертеңгі сағат 10.00-де бастады. Биыл хорға барлық мектептер үшін бір ән таңдалды. «Анаға арнау» әнінің сөзін жазған Р.Наурызбаева болса, әнін жазған Ғ.Дауылбаева. Іс-шараға мектебіміздің 6-7 сынып оқушыларынан құралған 70 бала қатысты. Игілігі мол бастама шәкірттеріміздің аналарға деген шынайы құрметі мен ризашылығын білдіретін рухани іс-шараға айналды», - деді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Динара Айдарова.

Челлендж бойынша түсірілген бейнероликтер әлеуметтік желілерде #анаға_арнау_хор2026 хэштегтерімен жарияланатын болады.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты