Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қамқорлығындағы жандарға арнап қайырымдылық іс-шара өтті

Астанада әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қамқорлығындағы жандарға арнап қайырымдылық іс-шара өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордадағы Достық үйі Алғыс айту күніне орай «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараға ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері саналатын 10 шығармашылық ұжым қатысты. Олардың қатысуымен қарттарға арналған концерттік бағдарлама ұсынылды. Жас өнерпаздар ән айтып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мерекелік кеш аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар орталық тұрғындарына азық-түлік себеттері мен тәттілер табыстады.

«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы зейнет жасына жеткен азаматтар мен I және II топтағы мүгедектігі бар, жалғызбасты әрі күнделікті күтімді қажет ететін жандарға арналған.

Орталықта 400 адамды тұрақты немесе уақытша орналастыруға мүмкіндік бар. Орталық директорының орынбасары Сауле Қайырованың айтуынша, мұнда түрлі ұлт өкілдері тұрады. Мекеме Қазақстан халқы ассамблеясымен, сондай-ақ елордадағы бірқатар ұйыммен, оның ішінде мектептер мен балабақшалармен тығыз байланыс орнатқан. Оқушылар мен мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілері орталықта мерекелік іс-шаралар өткізеді. Қызмет алушылар әдеби кештерге қатысып, түрлі үйірмелерге барады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді