Қарағанды облысында полиция "резеңке пәтерлер" желісін жойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды облысының полиция департаменті жедел-профилактикалық операцияның қорытындысын жариялады. Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзудың жүздеген дерегі анықталып, жалған тіркеу орындарының қызметі тоқтатылды.
Құқық бұзушылықтарды анықтауда полиция цифрлық мүмкіндіктерді де тиімді пайдалануда. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде жалға беру және тіркеу қызметін ұсынып келген жеке үй иесі (жеке кәсіпкер) анықталды. 2026 жылғы 20 ақпандағы тексеріс кезінде аталған мекенжайда 21 адамның тіркелгені белгілі болды. Нәтижесінде хабарландыру жойылып, бір "тұрғын" тіркеуден шығарылды. Үй иесіне Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 493-бабы 2-бөлігіне сәйкес, тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар, Шет ауданында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Өзбекстан азаматы анықталды. Бұл дерек Қазақстан Республикасы ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.