Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Михаил Шайдоровты Астанада жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды

Михаил Шайдоровты Астанада жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада қысқы Олимпиада жүлдегерлерін жанкүйер қауым салтанатты түрде қарсы алды. Елорда әуежайына мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен спортшы Софья Самоделкина келді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спортшыларды жанкүйерлер, туған-туыстары және спорт қауымдастығының өкілдері күтіп алды.

Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкинаны және Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсем Қассанованы Астана әкімінің орынбасары Ерік Мейрхан, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан конькимен мәнерлеп сырғанау одағының президенті Бауыржан Ералы және Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин құттықтады.

Геннадий Головкин бұл жеңістің тарихи маңызын атап өтті.

«Бүгін нағыз батырларымыз үлкен жолдан келді. Ең алдымен, чемпиондарды тәрбиелеген бапкерлер мен отбасыларына алғыс айтуымыз керек. Қазақстан бұл алтынға әбден лайық болды. Олар – біздің жаңа қаһармандарымыз, – деді ол.

Қазақстан конькимен мәнерлеп сырғанау одағының атынан және демеушілердің қолдауымен спортшылар мен бапкерлерге пәтер кілттері табысталды.
Михаил Шайдоров пен оның бапкері Алексей Урмановқа үш бөлмелі, ал Софья Самоделкина мен Әсем Қассановаға бір бөлмелі пәтер берілді.Бауыржан Ералы Олимпиадада 32 жылдан кейін Қазақстан әнұранының шырқалғанын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Софья Самоделкина да үздік ондыққа еніп, үлкен нәтиже көрсетті.
Өз кезегінде Михаил Шайдоров жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, бұл қолдау оған алдағы уақытта да ел намысын абыроймен қорғауға үлкен күш беретінін айтты.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті