Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаңа Конституция бойынша референдум қорытындысы қашан жарияланады?

Жаңа Конституция бойынша референдум қорытындысы қашан жарияланады?
Фото: Tengrinews.kz

Орталық референдум комиссиясы дауыстар қашан санала бастайтынын және қорытынды қашан жарияланатынын түсіндірді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Комиссия мүшесі Азамат Айманақұмовтың айтуынша, референдум 15 наурызда 9 799 учаскеде өтеді. Дауыс беру уақыты - 7:00-ден 20:00-ге дейін. Сонымен қатар, 632 учаске әскери бөлімдерде, демалыс үйлері мен санаторийлерде, стационарлық емдеу мекемелерінде, тергеу изоляторларында және Қазақстанның шетелдегі өкілдіктері жанында жұмыс істейді.

"Егер тізімге енгізілген барлық азамат дауыс берген болса, учаскелік комиссия кез келген уақытта дауыс беруді аяқталды деп жариялай алады", - деп түсіндірді ол.

Тұрғылықты жерін уақытша өзгерткен азаматтар есептен шығару куәлігі арқылы дауыс бере алады. Оны жазбаша өтініш берген жағдайда учаскелік комиссиядан алады.

"Құжатты дауыс беру күнінен 15 күн бұрын, яғни 27 ақпаннан бастап, 14 наурыз сағат 18:00-ге дейін алуға болады. Бұл ретте сайлаушылар тізіміне тиісті белгі қойылады.

Бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс бергісі келгендерге мұндай куәлік берілмейді. Құжаттың бес таңбалы серия нөмірі бар, жоғалған жағдайда қалпына келтірілмейді және көшірмесі берілмейді".

Комиссия өкілі әр азаматтың жеке өзі дауыс беруі тиіс екенін, дауыс беру құқығын басқаға беруге немесе өзге адам үшін дауыс беруге жол берілмейтінін еске салды.

"Дауыстарды санау жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады. Егер нақты бір учаскеде дауыс беру уақыты өзгертілсе, санау процесі дауыс беру аяқталған сәттен басталады".

Референдумға дауыс беру құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі қатысса, ол өтті деп танылады. Ал ұсынылған мәселе бойынша шешім қатысушылардың жартысынан астамы қолдаған жағдайда қабылданды деп есептеледі.

Қорытынды Орталық референдум комиссиясының отырысында шығарылып, хаттамамен рәсімделеді. Ресми нәтижелер дауыс беру күнінен бастап жеті күн ішінде, яғни 2026 жылғы 21 наурызға дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Жаңа Конституция қабылданған жағдайда, қолданыстағы заңдар мен нормативтік актілер негізгі заңға қайшы келмейтін бөлігінде күшінде қалады. Үкімет пен мемлекеттік органдар өз құжаттарын жаңа Конституцияға сәйкестендіруі тиіс. Конституциялық кеңес пен Конституциялық соттың шешімдері де жаңа құжатқа қайшы келмесе, қолданысын жалғастыра береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті