Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Polpharma Group өкілі Ежи Старакпен елімізде дәрі-дәрмек өндірісін кеңейту бойынша жаңа жобаны талқылады

Олжас Бектенов Polpharma Group өкілі Ежи Старакпен елімізде дәрі-дәрмек өндірісін кеңейту бойынша жаңа жобаны талқылады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысына қатысу үшін Астанаға келген Polpharma Group бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда фармацевтика саласындағы, атап айтқанда, халық үшін басым бағыттар бойынша отандық дәрі-дәрмек өндірісі үлесін ұлғайту саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды.

Тараптар Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ зауытын жаңа өндірістік ғимараттар мен зертханалық алаңдар салу арқылы кеңейту жобасының жүзеге асырылу барысын қарады. Нарық сұранысын ескере отырып, кәсіпорын Santo Member of Polpharma Group сауда белгісімен жылына 2 млрд бірлік дәрілік заттар өндірісін игеруді жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі $62,6 млн-ды құрайды, 300 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

Жергілікті өндірісті дамыту үшін басым терапиялық бағыттар ретінде: туберкулез, созылмалы вирусты С гепатиті және бауыр циррозы, қатерлі ісіктер, қант диабеті, психикалық бұзылулар, орталық жүйке жүйесі, жүрек-қан тамырлары аурулары және басқа да әлеуметтік маңызы бар аурулар таңдалды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық дәрі-дәрмек өндірісі мен медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісін дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл бағытта біз дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың отандық өндірісі үлесін арттыруға ұмтылып келеміз. Фармацевтикалық өнім өндірісін локализациялауды ынталандыру шараларын жүзеге асырып жатырмыз. Медициналық технологиялар трансферті және импортты алмастыру, ғылыми және экспорттық әлеуетті дамыту басым бағыт саналады. Қазақстан Үкіметі әлеуметтік маңызды өндірістердің осындай ауқымын жүзеге асыруға мүдделі және инвестициялық жобаны уақтылы іске қосу үшін қажетті қолдау шараларын қамтамасыз етеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Polpharma Group бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старак Қазақстандағы инвестициялық ахуалға жоғары баға беріп, жаңа өндіріс заманауи техникамен жабдықталатынына және өндірілетін өнім фармацевтика өнеркәсібі саласындағы барлық халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетінін айтты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екендерін жеткізді. Премьер-министр Денсаулық сақтау министрлігі мен Шымкент қаласы әкімдігіне қысқа мерзімде Жаңа заманауи дәрілік заттар өндірісі құрылысына инвестиция туралы келісім жобасын дайындауды тапсырды.

Анықтама: «Химфарм» АҚ кәсіпорнына Polpharma Group инвестицияларының жалпы көлемі $130 млн-нан асты, 1300-ден астам жұмыс орны ашылды. Зауыт 12 фармакотерапиялық топты қамтитын 280-ден астам жалпы препарат шығарады. Өндіріс GMP және GDP халықаралық стандарттары бойынша сертификатталған. Өнімдер Ресей, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және басқа да елдерге жеткізіледі. Өткен жылы пайдалануға берілген Сапа және инновация орталығы Қазақстандағы ғылыми-зерттеу базасын күшейте отырып, жаңа препараттарды дербес әзірлеуге және енгізуге мүмкіндік береді. Отандық фармацевтика үшін кадрлар даярлауда еліміздің білім беру мекемелерімен ынтымақтастық жүргізілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті