Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туы көтерілді

Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туы көтерілді
Фото: ҰОК

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде басталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ашылу салтанатының негізгі бөлігі Миландағы әйгілі "Сан-Сиро" футбол стадионында өтті.

Жарысқа әлемнің 93 елінен шамамен 3 мыңға жуық спортшы қатысады. Медальдар спорттың 8 түрі бойынша 16 дисциплинада сарапқа салынып, жалпы 116 жүлде жиынтығы ойнатылады.

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Миланда түсірілген кадрларды Telegram-арнасында жариялады.

Ұлттар шеруі кезінде Қазақстан туын шорт-тректен Денис Никиша мен фристайл-могулдан Аяулым Әмренова алып шықты.

Биылғы Олимпиаданың ерекшеліктерінің бірі - ашылу салтанатының бір мезетте төрт алаңда қатар өтуі. Министрліктің мәліметінше, Денис Никиша Миландағы ресми рәсімге қатысса, Аяулым Әміренова шаңғы дисциплиналары өтетін Ливиньо коммунасындағы салтанатқа қатысқан.

Бұл жолы Олимпиада алауы бірден екі жерде жағылды: Миландағы Салтанат қақпасының маңында және Кортина-д’Ампеццо қаласындағы Piazza Dibona алаңында. Салтанаттың ресми атауы - Armonia ("Гармония").

DW Telegram-арнасының жазуынша, ашылу рәсімінде италиялық мәдениетіне қатысты бірқатар айқын ишара болды. Мысалы, стадионда Антонио Канованың "Амур мен Психея" мүсініне арналған сахналық қойылым көрсетіліп, оған "Ла Скала" театры балет мектебінің шамамен 70 бишісі қатысты.

Музыкалық бағдарлама да алуан түрлі жанрды қамтыды: Вивальди мен Россинидің классикалық туындыларынан бастап, қазіргі италиялық эстрадаға дейін. Италиялық операға айрықша мән беріліп, шарықтау шегінде Пуччинидің "Турандот" операсындағы әйгілі Nessun dorma ариясы орындалды.

Салтанатта Италия туының түстерінен шабыт алған сән көрсетілімі де болды. Подиумға Armani топтамасын ұсынған модельдер шықты. Бұл - қыркүйекте 91 жасында өмірден өткен италиялық дизайнері Джорджо Арманиге көрсетілген құрмет.

Милан–Кортина қысқы Олимпиадасы 6–22 ақпан аралығында өтеді.

Қазақстан құрамасы 10 дисциплина бойынша бақ сынайтын 36 спортшыдан тұрады (18 ер, 18 әйел). Ұлттық құраманың қатысуымен өтетін барлық жарыстар Qazaqstan, Qazsport, "Хабар" және Jibek Joly телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті