Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында экология талаптарын бұзудың 4 мыңнан астам дерегі тіркелді

Қарағанды облысында экология талаптарын бұзудың 4 мыңнан астам дерегі тіркелді
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында экология талаптарын бұзудың 4 мыңнан астам дерегі тіркелді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында экологиялық ахуалды жақсарту және қалдықтармен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған "Таза Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында кешенді экологиялық рейдтер жүргізілуде. 2026 жылдың алғашқы айының қорытындысы бұл бағыттағы өзекті мәселелердің әлі де бар екенін көрсетті.

Полицейлер өңір аумағында 4 мыңнан астам экологиялық құқық бұзушылықты анықтады. Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Каировтың айтуынша, рейд барысында жауапкершілікке тек қатардағы азаматтар ғана емес, сонымен қатар өздеріне бекітілген аумақтардың тазалығына тікелей жауапты мекеме басшылары да тартылып отыр. Оның сөзінше, қоқысты уақытында шығармау, қар тазалау талаптарын сақтамау деректері бойынша 32 ұйым басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы бір миллион теңгеден асатын айыппұл салынған. Бұдан бөлек, аулалар мен тұрғын үйлердің кіреберістерінің, баспалдақ алаңдарының талапқа сай күтіп-ұсталмауына және мұз қатуына жол бергені үшін 4 ПИК төрағасы жауапқа тартылды.

Полиция қызметі заңсыз қоқыс үйінділерінің алдын алу мақсатында заманауи технологияларды кеңінен қолдануда. Азаматтардың әлеуметтік желілер арқылы жедел хабарламалары мен әуе мониторингі үшін пайдаланылатын дрондардың көмегімен рұқсатсыз қоқыс төгу фактілері дер кезінде анықталып, тиісті шаралар қабылдануда. Жыл басынан бері жүк көліктерімен қоқысты заңсыз төккені үшін 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Өткен аптада Шахтинск қаласында Shacman және Сарань қаласында КамАЗ  жүк көліктері  анықталған. Жүргізушілер тиісті жауапкершілікке тартылды. Полиция өкілдері өңір экологиясын қорғау жұмыстары алдағы уақытта да қатаң түрде жалғасатынын атап өтті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті