Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі инвесторлар мен мемлекет арасындағы диалогтың негізгі алаңына айналды – сарапшы

Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі инвесторлар мен мемлекет арасындағы диалогтың негізгі алаңына айналды – сарапшы

Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді. Онда инвесторларды қолдау мәселелері қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ЕҚДБ-ның бағалауы бойынша Қазақстан өз тарихында тартқан шетелдік инвестициялар көлемі бойынша Орталық Азияда көшбасшы позициясын сақтап отыр.

ЕҚДБ-ның бағалауы бойынша Қазақстан өз тарихында тартқан шетелдік инвестициялар көлемі бойынша Орталық Азияда көшбасшы позициясын сақтап отыр. Бұл туралы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Орталық Азия мен Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Озхан мәлімдеді.

«Қазақстан осы көрсеткіш бойынша Орталық Азия өңірінде белгілі бір жағдайларда көшбасшы орында тұр. ЕҚДБ ұлттық экономиканың түрлі салаларына инвестиция салатын шетелдік инвесторлардың серіктесі екенін мақтан тұтады», — деп атап өтті ол.

Өткен жылы жүзеге асырылған бастамалардың нақты мысалдары мыналар:

  • фармацевтика саласындағы локализациялық өндірісті дамытуға бағытталған жоба;
  • тамақ қоспаларын өндіру секторында қаржыландыруды қамтамасыз ету;
  • өндірістік қуаттарды кеңейту және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Қазақстанға инвестиция салатын халықаралық және еуропалық компанияларды қолдау. 

Шетелдік инвесторлар кеңесінің мемлекет пен ірі инвесторлар арасындағы диалогтің негізгі платформасы ретіндегі рөлі атап өтілді. «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығы инвестициялық нарықтағы жетекші қатысушылардың басын біріктіреді және олардың қызметін үйлестіруге ықпал етеді.

Қазақстандықтарға кардиология мен онкологиядағы терапияның жаңа әдістері қолжетімді болады

 Қазақстанда дәрілік препараттар өндірісін локализациялау мен емдеудің заманауи әдістеріне қолжетімділікті кеңейту жұмыстары аяқталуда. Бұл туралы Polpharma Santo («Химфарм» АҚ) бас директоры Адам Алексейюк хабарлады. Оның айтуынша, Қазақстандағы медициналық өндірістерді локализациялау азаматтардың өмірлік маңызы бар дәрілік заттарға қолжетімділігіне тікелей әсер етеді.


«Медициналық өндірістерді локализациялау – бұл азаматтардың өмірлік маңызды препараттарға қол жеткізуі мәселесі. Мен бүгін бизнес пен Денсаулық сақтау министрлігі жаңа инвестициялық келісімшарттарға қол қоюға мүмкіндік беретін шешімдерге келгенін қуана хабарлаймын», — деп атап өтті Адам Алексейюк.

Ол Polpharma Santo Қазақстандағы дәйекті инвестициялық саясатты жалғастырып жатқанын атап өтті.

«Біз Polpharma Santo компаниясы ретінде инвестициялауды жалғастырамыз және Қазақстан азаматтарына кардиология, онкология және антибиотиктер саласындағы терапияның жаңа әдістеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін келісімшарт бойынша жұмысты аяқтаймыз. Аталған келісімшартты аяқтау – бұл біздің жылдар бойы дайындаған серпінді жұмысымыз. Өткен жылы біз өзіміздің инновациялық және зертханалық орталықтарымызды салдық, ал осы жылдың сәуір айында өзіміздің R&D орталығымызды ашамыз. Біз Қазақстан азаматтарына аса маңызды дәрі-дәрмектерді жеткізу үшін барынша жылдам дамуға дайынбыз», — деді компания басшысы.

Жаңа инвестициялық келісімдерді жүзеге асыру елімізде қолжетімді дәрі-дәрмектер желісін кеңейтуге және Қазақстанның дәрілік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Дәрілік заттарды таңбалау және контрафактілік өнімдермен күресу мәселелері пациенттердің қауіпсіздігін және фармацевтикалық нарықтың ашықтығын қамтамасыз етуде шешуші болып қала береді.

Оның айтуынша, серияландыру жүйесі бизнес тарапынан да, мемлекет тарапынан да дәрі-дәрмектердің түпнұсқалығын тиімді бақылауға мүмкіндік береді.

«Таңбалау және сериялау пациенттердің қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Бұл бізге зияткерлік меншік құқығымызды қорғау үшін бизнесті де, пациенттер үшін контрафактілік өнімдердің болмауын қамтамасыз ету үшін мемлекетті де толық бақылауға мүмкіндік береді. Ал дәрі-дәрмектерге қатысты контрафакт – бұл өте маңызды мәселе», — деп атап өтті ол.

Polpharma Santo Қазақстан нарығына жеткізілетін барлық өнімдерді толық сериялауды енгізген алғашқы компаниялардың бірі болды. Қазіргі уақытта жүйе жұмыс істеп тұр, алайда, компанияның пікірінше, одан әрі дамыту және жетілдіру қажет.

Адам Алексеюктің айтуынша, тұтынушылардың дәрі-дәрмектердің түпнұсқалығын тексеруге қатысуына назар аудару керек: азаматтар дәріханадағы әрбір қаптаманы тексеріп, QR кодын сканерлеп, препараттың түпнұсқалығына көз жеткізуі қажет. Сонымен қатар ол заңбұзушылықты анықтау және жедел ден қою бойынша мемлекеттік тетіктерді жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанда денсаулық сақтау, құрылыс және логистикадағы жаңа инвестициялық келісімдер пысықталуда

 Экономиканың негізгі секторларында жаңа инвестициялық келісімдерді дайындау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының директоры Жанна Байдашева мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында инвесторлар мен Үкімет арасында ашық диалог құрылуда. 

«Қазір инвестициялар туралы жаңа келісімдер қаралуда және денсаулық сақтау, құрылыс, көлік-логистика, жер қойнауын пайдалану және тағы да басқа салаларда ауқымды жұмыстар жүргізілуде», — деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, адами капиталды дамыту және кадрларды даярлау мәселелеріне айтарлықтай көңіл бөлінуде. Былтыр «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында инвесторлар өз кәсіпорындары үшін жұмысшы маман кадрларын даярлауға белсенді қатысты.

Инвестицияларды тартумен қатар, технологиялар трансферті, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқыту, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруға баса назар аударылатыны атап өтілді.

Сондай-ақ, жұмыстың маңызды бағыттарының бірі экономика салаларын цифрландыру болып қала бермек. Жасанды интеллект технологияларына көшу жағдайында мемлекет пен бизнестің алдында экономиканың барлық салаларына цифрлық шешімдерді кешенді түрде енгізу міндеті тұр.

Қазақстандағы Цифрландыру және ЖИ жылы: ЖИ-технологияларын енгізу компаниялардың өнімділігін 20-40%-ға арттыруға мүмкіндік береді

Жасанды интеллектіні енгізу жеделдеп, оның бизнес өнімділігіне ықпалы өсе түскен шақта ЖИ саласында терең құзыреті бар кадрларды даярлау ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл туралы KPMG-нің Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі басқарушы серіктесі Сәкен Жұмашев мәлімдеді.

Оның айтуынша, жасанды интеллектіні белсенді қолданатын компаниялар деректерді сапалырақ талдау және басқару шешімдерін қабылдау арқылы анағұрлым артықшылықтарға ие болады.

«Егер біз жасанды интеллект қолданатын компанияларды қарастыратын болсақ, онда олар бүгінгі күні басқа ұйымдарға қарағанда 20-40% өнімді жұмыс істеуде. Олар компания ішіндегі жағдайға жан-жақты қарап, сол арқылы бизнес үшін дұрыс data-driven шешімдерін әзірлей алады», — деп атап өтті Сәкен Жұмашев.

Ол ЖИ-мен жұмыс істеудің advanced-дағдыларын дамыту және озық халықаралық тәжірибелерді енгізу Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі шарттары екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Қазақстандағы Цифрландыру және ЖИ жылы деп жариялады. Елімізде жасанды интеллект технологияларын экономиканың негізгі салаларына енгізуге бағытталған шаралар жүзеге асырылуда.

Қазақстан Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі (ШИК) арқылы өңір үшін шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимылдың тиімді және бірегей тетігін құра алды. Бұл туралы EY компаниясының Қазақстан және Орталық Азия бойынша басқарушы серіктесі Ерлан Досымбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, Шетелдік инвесторлар кеңесі инвесторлар, Үкімет пен Мемлекет басшысы арасындағы тұрақты және ашық диалогті қамтамасыз етеді, бұл компаниялардың Қазақстандағы жұмыс барысында кездесетін мәселелерін жедел талқылауға және өзара тиімді шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді.

«Бұл шын мәнінде өте маңызды сәт, өйткені мұндай алаң шетелдік инвесторларға Қазақстандағы операциялық қызметі кезінде кездесетін мәселелерді көтеруге мүмкіндік береді. Қазақстан тарапы күткен стратегия әзірлеу және мемлекет пен шетелдік инвесторлар арасындағы мүдделер теңгерімін сақтау үшін қандай да бір бірлескен, екіжақты тиімді шешімдер табу», — деп атап өтті Ерлан Досымбеков.

Ол осындай бірлескен жұмыс елдің инвестициялық және бизнес ахуалын жақсартудың негізгі факторы екенін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті