Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ЕҚДБ 2024 жылы қазақстандық жобаларға инвестиция көлемін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр

ЕҚДБ 2024 жылы қазақстандық жобаларға инвестиция көлемін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директорының міндетін атқарушы Хусейн Өзханмен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін тартылатын инвестициялардың маңызды рөлін атап өтті. Бұған қоса, қолданыстағы жобалардың жай-күйі мен ЕҚДБ-ның жаңа жобаларды қаржыландыру жөніндегі жоспарларын талқылады.

Хусейн Өзхан өз сөзінде атап өткендей, ағымдағы жылы банк Қазақстан экономикасына құйылатын инвестиция көлемін кем дегенде екі есеге арттыруды жоспарлап отыр. ЕҚДБ Қазақстан электр желілерін басқару компаниясымен (KEGOC) елдің батысында электрмен жабдықтау жұмысының сенімділігін арттыруға мүмкіндік беретін ірі жобаны іске асыруда. Бұған дейін ірі аумақтық жобаға – Ақтөбе қаласында жаңа тазарту құрылыстарын салуға қол қойылды; «Аралтұз» АҚ жетекші ас тұзын өндірушісінің жаңа өндірістік қуаттарын салуға, сондай-ақ әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін қолдауға қаражат бөлінді. 2024 жылдың маусым айында құрылысын ЕҚДБ қаржыландырған Алматы әуежайының жаңа жолаушылар терминалы ашылды. Сонымен қатар Банк «Air Astana» ұлттық әуе тасымалдаушысының IPO-на қатысты.

Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, Қазақстан ЕҚДБ-мен елдік әрі аймақтық деңгейде ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті, сондай-ақ банктің жеке секторға инвестиция салуға деген ұмтылысын қолдайды.

«Еліміз энергетика және көлік-логистика, жаңартылатын энергия көздері мен жеке бизнесті дамыту жобаларын жүзеге асыру үшін инвестиция тарту бойынша ЕҚДБ-мен өзара тиімді жұмыс істеуге дайын», — деді вице-премьер.

ЕҚДБ Қазақстанда қызметін бастағаннан бері 324 жоба аясында ел экономикасына €10,2 млрд инвестиция салды. Қазіргі уақытта банктің Қазақстандағы жобалық портфелінде құны €2,9 млрд асатын 121 жоба бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді