Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұрайдың өлімі: Шымкент ПД бастығы мен оның бірінші орынбасары қызметінен босатылды

Нұрайдың өлімі: Шымкент ПД бастығы мен оның бірінші орынбасары қызметінен босатылды
Фото: pixabay.com

Шымкент полиция департаментінің бастығы мен оның бірінші орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. ҚР ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті Қаратау ауданы полиция басқармасының қызметкерлері тарапынан қаза тапқан қыздың туыстарының өтінішін тиісінше қарамау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Ведомствоның хабарлауынша, қылмыстық іс аясында арызды қабылдау, ден қою шараларының толықтығы мен уақтылылығы, сондай-ақ қабылданған шешімдерге қатысты барлық мән-жай жан-жақты тексеріледі. Тергеу нәтижесі бойынша лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі.

Сонымен қатар аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша басқарушылық жауапкершілік тәртібімен тәртіптік шаралар қабылданған.

"Құқықтық тәртіпті тиісінше қамтамасыз етпегені үшін Шымкент полиция департаментінің бастығы мен оның бірінші орынбасары атқарып отырған қызметтерінен босатылды. Сондай-ақ бірқатар лауазымды тұлға ішкі істер органдарынан шығарылды", - делінген ІІМ хабарламасында.

ІІМ заңдылықтың бұзылуына, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен қатыгездік көріністеріне жол беретін кез келген фактілерге қатысты принципті ұстанымын сақтайтынын атап өтті.

"Қаза болған қызға қатысты кісі өлтіру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істің тергелу барысы Ішкі істер министрлігінің бақылауында. Тергеудің объективтілігі мен толықтығын қамтамасыз ету мақсатында тәжірибелі қызметкерлерден арнайы тергеу-жедел тобы құрылған", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін, 2026 жылғы 20 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордадағы Ұлттық құрылтай отырысында Шымкентте кісі қолынан қаза болған Нұрай есімді бойжеткеннің оқиғасына қатысты полиция әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады