Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда автобус жүргізушілеріне арналған демалыс бөлмесі бар 20 соңғы аялдама салынады

Алматыда автобус жүргізушілеріне арналған демалыс бөлмесі бар 20 соңғы аялдама салынады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілері үшін қолайлы еңбек жағдайын жасауға бағытталған жүйелі жұмыс жалғасып келеді. Қалада 20 тоқтау-бұрылу алаңын (ТБА) салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, аталған алаңдар бірқатар маңызды міндетті атқарады. Атап айтқанда, автобустардың жол жиегінде мәжбүрлі түрде тоқтап тұруының алдын алады әрі жүргізушілердің толыққанды демалуына қажетті жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.

Қазір Көктөбе шағынауданында екі маршрутқа қызмет көрсететін, жалпы саны 47 автобус шығатын соңғы нүкте ретінде пайдаланылатын тоқтау-бұрылу алаңының құрылысы толық аяқталды. Алаң аумағына асфальтбетон жабыны төселіп, аумақ бойына сыртқы жарықтандыру орнатылған. Сонымен қатар жалпы аумағы 49 шаршы метр болатын тамақтану аймағы мен санитарлық-гигиеналық бөлмесі бар жүргізушілерге арналған модульдік демалыс ғимараты бой көтереді.

Қаланың әртүрлі аудандарында биыл пайдалануға берілетін тағы үш тоқтау-бұрылу алаңының құрылысы жүргізіліп жатыр. Ал қалған 16 алаң бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу қолға алынған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады