Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Роман Скляр Павлодар облысында іске асырылып жатқан энергетикалық, өнеркәсіптік және әлеуметтік жобалармен танысты

Роман Скляр Павлодар облысында іске асырылып жатқан энергетикалық, өнеркәсіптік және әлеуметтік жобалармен танысты
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары барысында өңірдің негізгі энергетикалық, өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарын аралады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Роман Скляр Екібастұз қаласындағы жылу беру маусымының өту барысымен танысты. Облыс әкімі Асайын Байханов жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде жылу беру маусымы қалыпты режимде өтіп жатқанын баяндады. 2023-2025 жылдары жалпы сомасы 11,3 млрд теңгеге ЖМ-2 және ЖМ-7 жылу магистральдары қайта жаңартылды, оның ішінде 6,7 млрд теңге республикалық бюджеттен бөлінді. Гидравликалық сынақтардың қорытындысы бойынша 13,5 шақырым желі жөнделіп, 341 ақау жойылды. Жергілікті бюджеттен қосымша 1,7 млрд теңге бөлініп, 19 шақырым желі жөнделді.

Сондай-ақ бірінші вице-премьер Екібастұз ЖЭО жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. «Energy Solution Center» ЖШС бас директоры Айдарбек Қыстаубаев негізгі жабдықтарды жөндеудің кешенді бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баяндады.

2023-2025 жылдары мұнда №5-9 энергетикалық қазандықтар мен №11-15 су жылыту қазандықтарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал №6-8 қазандық агрегаттарында негізгі және кеңейтілген ағымдағы жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жабдықтарды жаңартумен қатар атқарылды. Бұл жұмыстар Үкімет резерві мен облыс әкімдігінің қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

2026-2027 жылдары әкімшілік-тұрмыстық кешен салу, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күл үйінділерін қайта жаңғырту және салу, сондай-ақ генерациялау қуаттарын ұлғайту жоспарланған.

Цифрландыру мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. 2025 жылы станцияда қызметкерлер үшін «ақылды каскалар» енгізілді, ал 2026 жылы еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейту мақсатында бейнежетондарды енгізу жоспарланып отыр. Роман Скляр цифрлық шешімдерді өндірістік бақылау жүйесіне біріктіріп, оларды тәжірибеде қолдануды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар Премьер-министрдің бірінші орынбасары «Railways Systems KZ» холдингінің өндіріс орнында болып, жалпы инвестиция көлемі 500 млрд теңгеге жуық ($976 млн), жылына 1 млн тоннаға дейін жоғары сапалы болат өндіретін заманауи электрометаллургиялық зауыттың құрылысымен танысты. Зауытты іске қосу 2028 жылға жоспарланған және 1000 астам жаңа жұмыс орны ашылады. Өнім ішкі нарықпен қатар экспортқа да бағытталады: өнімнің 40%-ға жуығы ТМД елдері мен Еуроодаққа жіберіледі.

Павлодар ЖЭО-2 орталығында облыс әкімі Асайын Байханов 2025-2026 жылғы жылу беру маусымының барысы туралы баяндады. Облыс орталығын сапалы жылумен қамтамасыз мақсатында ұзындығы 5,9 шақырым болатын ЖМ-20А жылу магистралі салынды, жылу желілерінде гидравликалық сынақтар жүргізіліп, жалпы ұзындығы 7,2 шақырым болатын 343 ақау жойылды. 2026 жылы жалпы құны 4,8 млрд теңгеге 21 шақырым кварталішілік желілерді қайта жаңғырту және 8,1 шақырым магистральдық жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

«Павлодарэнерго» АҚ бас директоры Олег Щемель 2025 жылы ЖЭО-2 орталығында негізгі жабдықтарға жүргізілген жөндеу жұмыстары туралы есеп берді. 2026-2027 жылдары станцияда жалпы құны 17,2 млрд теңгеге қазандықтар мен турбоагрегаттарға күрделі жөндеу, күл тазалау жүйелері мен жарықтандырғышты қайта жаңғырту, заманауи цифрлық шешімдер мен IT-жүйелерді енгізу жоспарланған. Жалпы құны 18,6 млрд теңгеге осындай жұмыстар ЖЭО-3 орталығында да жүргізу қарастырылған.

Роман Скляр жөндеу науқаны мен инвестициялық бағдарламалардың сапалы орындалуын, мерзімдердің сақталуын, технологиялық және экологиялық көрсеткіштердің орындалуын қатаң бақылауды, сондай-ақ жылу беру маусымының сенімді өтуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Жұмыс сапары барысында бірінші вице-премьер «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС де барды. ПМХЗ ауыр газойльдерді өңдеу және ашық мұнай өнімдерінің шығымын арттыруға бағытталған SENIM-D жобасын қоса алғанда, ауқымды жаңғырту жобаларын жүзеге асыруда. Сондай-ақ кәсіпорында жасанды интеллект шешімдерін қолдана отырып, автоматтандыру және цифрландыру жүйелерін енгізу бойынша мастер-жоспар әзірленген. Зауыт басшылығына өндірістің тиімділігі мен технологиялық жарақтандырылуын арттыру жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.

Жұмыс сапарының соңында Роман Скляр Павлодар қаласындағы 2025 жылғы 1 қыркүйекте «Болашақ мектебі» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған №48 жалпы білім беретін мектептің қызметімен танысты. Мектеп 1200 оқушыға арналған және заманауи цифрлық әрі инклюзивті инфрақұрылыммен жабдықталған. Бірінші вице-премьер балалардың жан-жақты дамуы үшін тең және қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Жұмыс сапары Павлодар облысының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған энергетика, өнеркәсіп және әлеуметтік инфрақұрылым салаларындағы негізгі жобалардың іске асырылу барысын кешенді түрде бағалауға мүмкіндік берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті