Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Роман Скляр Павлодар облысының жылу беру маусымына дайындық барысымен танысты

Роман Скляр Павлодар облысының жылу беру маусымына дайындық барысымен танысты
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Павлодар өңіріне жұмыс сапары барысында облыс орталығының жылу көздерінің қысқы кезеңге дайындығын және Екібастұз қаласындағы ЖЭО мен жылу магистральдарына ауқымды түрде жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Облыста жөндеу жүргізу жоспарланған 40 бірлік энергия көздері қондырғысының 18 нысанында жұмыстар аяқталды, қалған жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Барлық ЖЭО отын қорымен толық көлемде қамтамасыз етілген.

«Инвестициялық бағдарлама 2029 жылға дейін есептелген, бізге мүмкіндіктерді толық пайдалану, негізгі құралдарды жаңарту, тозу деңгейін азайту, жылумен жабдықтау сенімділігін арттыру қажет», — деді Роман Скляр.

Алдағы жылу беру маусымының үздіксіз әрі қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік сала және тұрғын үй қоры нысандарының жылуды қабылдауға дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілді.

«Өңірдегі барлық әлеуметтік нысандар алдағы жылыту маусымына толық дайын, тұрғын үй қоры 98%-ға дайын. Облыстың үш қаласындағы гидравликалық сынақтардан кейін анықталған ақаулар толығымен жойылды. Екібастұзда 4 магистральдық жылумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту аяқталып келеді. Сырттағы ауа температурасын ескере отырып, жылу беру маусымын 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында бастауды жоспарлап отырмыз», – деді облыс әкімі Асайын Байханов.

Сондай-ақ жұмыс сапары кезінде ҚР вице-премьері Екібастұз ЖЭО-да болып, ондағы жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстарына 400-ден астам жұмысшы жұмылдырылған, барлық жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр. Қыркүйек айының соңына қарай, яғни, жылу беру маусымының басталуына дейін стансадағы 10 қазандықтың 6-уы (3 су жылыту және 3 энергетикалық қазандық) пайдалануға толық дайын болады. Қалған 4 қазандықтың жөндеу жұмыстарын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

«Қысқа жөндеуден өткен жабдықмен кіреміз. Жөндеу жұмыстары өте ауқымды түрде жүргізілді: қазандықтардың жылыту беттері ауыстырылды және тұтастай алғанда стансаның барлық жабдықтарына күрделі жөндеу жүргізеді. Қысқа мерзімде қосалқы жабдыққа жөндеу жүргізілді, сондай-ақ жылу тізбегі бойынша станса ғимараттарының қабырғалары мен шатырын жөндеу жұмыстары аяқталып келеді. Екібастұз жөндеу науқанының тарихында мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған», – деді «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры Олег Щемел.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары «Павлодарэнерго» АҚ басшылығының назарын кеншілер қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нысандарындағы жұмысшыларды лайықты деңгейде ынталандыруға аударды.

«Өтемдік тарифтерде ЖЭО жұмысшыларының жалақысын көтеру міндетті түрде ескерілуі тиіс», – деп атап өтті Роман Скляр.

Жалпы, облыстағы барлық жылу көздерінде жылу беру маусымына үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Қолданыстағы нормативтерге сәйкес 415 мың тоннадан астам көмір мен 4 мың тонна мазут дайындалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды