Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер Әзірбайжаннан келген үш ағайындыға жолда көмек көрсетті

СҚО-да полицейлер Әзірбайжаннан келген үш ағайындыға жолда көмек көрсетті

СҚО-да полицейлер Әзірбайжаннан келген үш ағайындыға жолда көмек көрсетті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мамлютка — Қостанай автожолында техникалық ақауға байланысты Әзербайжан Республикасынан келген үш ағайынды шамамен екі тәулік бойы жолда қалып қойған. Олар DAF және Iveco жүк көліктерімен Түркияға жасымық тасымалдап бара жатқан. 13 қаңтар күні түнгі аялдама кезінде көліктердің бірін сөндіруге мәжбүр болған. Қауіпсіздік дабылын қосу үшін қозғалтқышты өшіру қажет болған, алайда дизель отыны қатты аяздан қатып қалған. Қиын жағдайға тап болған шетел азаматтарына полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері және Преснов ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері бірлесіп көмек көрсетті. СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірлесіп, Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шетелдік жүргізушілерге белсенді түрде көмек көрсетіп, тәулік бойы барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етті. Бұл жұмысқа бөлім бастығы Асылбек Тоқтамысов тікелей өзі жетекшілік етті.

Қатты аяз салдарынан техника оталмағандықтан, көлікті шамдарының көмегімен жылытуға тура келді. Полицейлер жүргізушілерге жәрдем беру үшін тіпті жеке құралдарын да әкелген. Жергілікті атқарушы органдар жүргізушілерді түнейтін орынмен және тамақпен қамтамасыз етті, ал полиция қызметкерлері жүк пен көліктің қауіпсіздігін бақылауда ұстады. Жылыту жұмыстары келесі күннің көп бөлігін алды, одан кейін жөндеу жүргізіліп, тек 15 қаңтар күні таңертең ағайындылар сапарын жалғастырды. Полиция қызметкерлері қыста жүргізушілерді көліктердің техникалық жағдайын мұқият бақылауға және алыс сапарларға алдын ала жан-жақты дайындалуға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті