Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтауда қылмыс деңгейі төмендеді

Ақтауда қылмыс деңгейі төмендеді
Фото: polisia.kz

Ақтауда қылмыс деңгейі төмендеді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтау қаласының полиция басқармасында есепті кезеңдегі жедел-қызметтік қызметінің қорытындысы бойынша кеңес өтті. Кеңеске Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов қатысты. Кезекті кеңесте департамент бастығы Сағындық Аяғанов облыс орталығындағы жедел жағдайға баға беріп, жұмыстың негізгі бағыттарын белгіледі, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін көтерді, сондай-ақ Ақтау қаласы полиция басқармасының басшылығы мен жеке құрамына нақты тапсырмалар берді.

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша қаладағы қылмыстың жалпы деңгейі 13,3%-ға төмендеген. Бұл – жүйелі профилактикалық жұмыс пен жедел жағдайда күшейтілген бақылаудың нәтижесі. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға аса көңіл бөлінеді. Түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүргені үшін 2 535 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Алкоголь өнімін заңсыз өткізуге қарсы іс-шаралар аясында прокуратурамен және Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп, заңнаманы бұзуға жол берген 307 сауда нысанының иелері жауапкершілікке тартылды.

Нәтижесінде заңсыз айналымнан 4 007 алкоголь өнімі тәркіленді. Бұдан басқа, қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін 3 962 азамат жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық қауіпсіздіктің деңгейін арттыру мақсатында қаладағы адамдар көп жиналатын орындарда 13 "SOS" жедел шақыру түймесі орнатылды, патрульдеу күшейтілді, сондай-ақ 123 спорттық және 89 мерекелік іс-шара кезінде қоғамдық тәртіп қамтамасыз етілді. Ақтаудың туристік мекендігі және қала қонақтары ағымының ұлғаюын еске ала отырып, департамент бастығы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басым міндет болып қала беретінін атап өтті. Ал профилактикалық жұмыстар жалғасын табатынын мәлімдеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады