Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл Түркістан облысында құқық бұзушылықтар саны төмендеді

Биыл Түркістан облысында құқық бұзушылықтар саны төмендеді
Фото: Polisia.kz

Биыл Түркістан облысында құқық бұзушылықтар саны төмендеді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы М.Қабденов, аппарат пен облысқа қарасты аудандық, қалалық полиция басшыларының жұмысын пысықтады. Полиция департаментінің үлкен мәжіліс залында өткен жедел кеңесте 2024 жылдың 9 айында тәртіп сақшыларымен атқарылған жұмыстың нәтижелері қаралды.

Департамент бастығы қорытынды есепті саралап, жеке құрамға нақты тапсырмалар берді.

Статистикаға сүйенер болсақ, Түркістан облысында осы жылдың 9 айында құқық бұзушылықтар 1,7 %-ға төмендеген. Жалпы ашылым былтырғы жылмен салыстырғанда 2,9 %-ға жоғарылаған. Тонау қылмысының тіркелімі 26,7 пайызға төмендеген. Оған қоса облыстың бас полицейі көшеде жасалған қылмыстар мен мас халде қоғамдық орында болу фактілерінің алдын алуға, алаяқтық қылмысы мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын күшейтуге, тұрақты түрде рейдтік-профилактикалық шараларды атқаруға тапсырма берді.

Генерал облыс полицейлеріне “Профилактика жылы” шеңберінде нұсқаулар беріп, нәтижелі жұмыс көрсеткішін көрсетуді атап өтті.

Сонымен қатар қызметте төмен көрсеткіштерді көрсетіп, жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыра алмаған басшылардың жауапкершілігі қаралып, оларға тәртіптік жаза қолданылды.

Сондай-ақ құзырлы органдармен бірлесіп, ауыл ақсақалдары, белсенділер мен жастардың қатысуында жасөсіпірімдер арасындағы құқық бұзушылық профилактикасына бағытталған кездесулерді әрі қарай әрбір елді мекендерге, ауылдарда өткізілуін тапсырды.

Жиын соңында департамент бастығы Мұрат Қабденов жеке құрамды қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, тұрғындар тыныштығын сақтауда жұмысты жандандыруға шақырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді