Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Крещение рәсімі: Астанада қай орындарда және қашан мұзды суға түсуге болады

Крещение рәсімі: Астанада қай орындарда және қашан мұзды суға түсуге болады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада 18-19 қаңтар күндері барлық православие шіркеулерінде Крещение мерекесі рәсімі өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада дәстүрлі шомылу қалалық жағажайда (амфитеатр маңында) өтеді, ол үшін төрт ойық дайындалды.

18-19 қаңтарда Астанада мерекелік діни рәсімдер, крестпен дәстүрлі шеру және жаппай шомылу жоспарланған.

Іс-шара қаланың барлық православие шіркеуінде өтеді: Успен соборында (Күйші Дина көшесі, 27), Константин-Еленин шіркеуінде (Республика даңғылы, 12), Саров Серафим шіркеуінде (Бөгенбай батыр даңғылы, 8).

Суға түсу орындары 18 қаңтар күні сағат 20:00-ден (су маңына жарық орнатылғаннан кейін) 19 қаңтар күні сағат 02:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жаппай шомылу да 19 қаңтар күні таңғы сағат 08:00-ден 19 қаңтар күні сағат 23:00-ге дейін жалғасады.

Діни рәсім кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін Төтенше жағдайлар департаментінің судан құтқару қызметі мен Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қамтамасыз етеді. Суға түсу орындарында жедел жәрдем бригадалары кезекшілік етеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын суға түсу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға және ауа райы жағдайын ескеруге шақырамыз.

Белгіленген шомылу орындарында қауіпсіздік ережелерін есте ұстаған жөн: ойық маңында 3 адамнан аспауы керек, тек құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің бақылауымен суға түсу қажет. Суға кірмес бұрын, денені қыздыратын жаттығу жасап, рәсімнен кейін өзіңізді сүлгімен ысқылап, жылы заттарды киіп, ыстық шай ішуіңіз керек. Суға түсу кезінде денсаулығыңыз нашарлағанын сезсеңіз, дереу шомылу орнындағы кезекші дәрігерлерге жүгініңіз.

Оқыс жағдайдың алдын алу үшін құтқарушылар мынаны ескертеді:
- жабдықталмаған орындарда құтқарушылар мен дәрігерлердің қатысуынсыз суға түсуге тыйым салынады;
- Балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Бала жақсы жүзе алса да, суық су мен стрестік жағдай оған кері әсер етуі мүмкін;
- Мұзды суға секіріп түсуге болмайды. Жарақат алып қалуыңыз әбден мүмкін;
- Ішімдік ішуден аулақ болыңыз. Мас күйінде мұзды түрлі қауіпті салдарға әкелуі мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті