Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еліміздің барлық елді мекендері 100% ауыз сумен қамтамасыз етілді

Еліміздің барлық елді мекендері 100% ауыз сумен қамтамасыз етілді
Фото: primeminister.kz

Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша өткен Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Мемлекет басшысының халықты 2025 жылдың соңына дейін ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының толық орындалғаны туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша тапсырманы орындау кезеңінде республикалық бюджеттен шамамен 835 млрд теңге бөлініп, 1,6-ден астам жоба жүзеге асырылды, оның ішінде қайтарылған активтер есебінен Арнаулы мемлекеттік қордан – 132 млрд теңге.

Нәтижесінде осы қаражатқа 34 қала мен 756 ауыл орталықтандырылған су жүйесімен қамтылды. Оған қосымша, жергілікті бюджет есебінен 699 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылды. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2021 жылы ауыл халқының 90%-ы және қала халқының 97,5%-ы сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізді. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы толық орындалып, еліміздегі 90 қала мен 7,5 млн тұрғыны бар 6087 ауыл ауыз сумен толық қамтамасыз етіліп отыр, — деді вице-министр.
Сумен жабдықтау сапасына өз алдына бөлек назар аударылып отыр. Барлығы 9,5 мың шақырым магистральдық желі реконструкцияланып, үлкейтілді, оның ішінде қалаларда – 1,8 шақырым, ауылдарда – 7,7 мың шақырым. Бұл желілердің тозуы деңгейі 38%-ға дейін төмендеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар сумен жабдықтауды және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылға жалпы трансферттер аясында 128 млрд теңге бөлінді, оның ішінде сумен жабдықтауға – 78 млрд теңге, су бұруға 50 млрд теңге бағытталған. Қосымша жаңғырту жұмыстары Энергетика мен коммуналдық секторды жаңғыртуға арналған ұлттық жоба аясында несиелік қаражаттар есебінен жүргізілетін болады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті