Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер шетелдік жүк көлігінің жүргізушілеріне көмек көрсетті

СҚО-да полицейлер шетелдік жүк көлігінің жүргізушілеріне көмек көрсетті
Фото: polisia.kz

СҚО-да полицейлер шетелдік жүк көлігінің жүргізушілеріне көмек көрсетті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

27 желтоқсанға қараған түні Астана – Петропавл автожолының 425-шақырымында, Аралағаш ауылының бұрылысы маңында қозғалтқышының қатып қалуына байланысты тіркемесі бар BJ ауыр жүк көлігі тоқтап қалған. Жүк көлігінде Ресей Федерациясынан қайтып келе жатқан Қытай Халық Республикасының екі азаматы болған. Полицейлер оларды анықтап, аудармашы арқылы сөйлесу барысында шетел азаматтарының демалу үшін қозғалтқышты өшіріп, кейін қайта оталдыра алмағанын анықтады. Құқық қорғау органдары қызметкерлері жүргізушілерді асханаға апарып, кейін жақын маңдағы демалыс орнына орналастырды. Сол жерде қытай тілін меңгерген алматылық жүк көлігінің жүргізушісімен тілдесуге көмектесті. Жүк көлігі мен тіркемені Петропавлға дейін сүйреп апарып, автосервисте жылытуға және жөндеуге тура келді. Тек жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ҚХР азаматтары сапарын жалғастырды. 30 желтоқсанда Көкшетау – Рузаевка автожолының алпыс сегізінші шақырымында қатты бүйірлік желдің салдарынан Volvo автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен.

Полицейлер арнайы техника арқылы қайта жолға шығуға көмек берді. Жүк көлігін қайтадан жолға шығарғанға дейін полиция қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Ал 6-шы қаңтарға қараған түні, боран салдарынан жол жабылардан сәл бұрын, Антоновка ауылынан тіркемесі бар ГАЗель автокөлігімен шыққан жергілікті тұрғын көріну қашықтығының төмендеуінен жол жиегіне шығып кеткен. Таңертең оның көлігін полицейлер, ҚазАвтоЖол қызметкерлері және Антонов ауылдық округінің әкімі бірлесіп, жолды тексеру барысында анықтады. ГАЗель автокөлігі қар тазалау жұмыстарына шыққан техниканың көмегімен жолдан шығарылды. Полицейлер азаматтарға төтенше қызметтердің хабарламаларын қадағалап отыруды, ауа райы қолайсыз болған жағдайда алыс жолға шықпауға тырысуды, көліктің техникалық жағдайын алдын ала тексеруді, жылы киім, байланыс құралдары мен қуат көздерін өзімен бірге алып жүруді еске салады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті