Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ЕХӘҚМ МӘСҚ-нан кейбір әлеуметтік төлемдерді алу процестерін автоматтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр

ЕХӘҚМ МӘСҚ-нан кейбір әлеуметтік төлемдерді алу процестерін автоматтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр
Фото: gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін кейбір әлеуметтік төлемдерді тағайындау, тағайындаудан бас тарту, қайта есептеу, тоқтата тұру және тоқтату процестерін автоматтандыру бойынша пилоттық жобаны іске қосуға бастамашылық етуде.Жоба туралы ақпарат«Ашық НҚА» порталында 2025 жылдың 27 маусымына дейін қоғамдық талқылау үшін орналастырылған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Жобада мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін қысқарту мақсатында МӘСҚ филиалдарының қызметкерлерін шешім қабылдаудан шеттету көзделген, бұл алушылардың шотына ақшалай қаражатты аударуды жеделдетуге мүмкіндік береді, әлеуметтік төлемдерді уақтылы тоқтата тұруды және тоқтатуды қамтамасыз етеді.

Айта кетерлігі, пилоттық режимде тек «Электрондық үкімет» және «Электрондық еңбек биржасы» порталдары арқылы келіп түскен электронды өтініштер, екінші деңгейдегі банктердің өтініштері және проактивті форматта әлеуметтік төлемдерді тағайындау қызметтері келісілген өтініштер қаралатын болады.

Бұл ретте өтініш берушілер белгілі бір критерийлерге сәйкес келуі тиіс: тек бір төлеушіден (ЖК, шаруа қожалығының басшысын, жеке практикамен айналысатын адамды қоспағанда) әлеуметтік аударымдардың түсуі, оларды уақтылы төлеу (есеп берілетін айдан кейінгі екінші айдың 5-күнінен кешіктірмей), әлеуметтік аударымдар бойынша қызметкердің ай сайынғы табысының міндетті төлемдер бойынша ай сайынғы табысқа сәйкес келуі, сондай-ақ қажетті мәліметтерді алу үшін цифрландырылған құжаттардың толық пакетінің болуы және басқалар.

Жоғарыда аталған критерийлер бизнес-процестерді оңтайландыру мен автоматтандырудың тиімділігін анықтауға көмектеседі.

Пилоттық жобаның басталуы туралы қосымша хабарланатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады